Махаббат гауһар тастай шексіз кәусар сезім.Адам баласы өмірге келгеннен кейін шынайы бақыт пен махаббатқа қол жеткізе білуі керек,сол кезде ғана шынайы бақытты болады.Бұл өмірде махаббатқа сенбейтін,махаббат жоқ деп ой толғайтын өскелең қыз-жігіттеріміз болса қателісіп жүргендерін түсінсе екен деймін.Себебі нағыз шынайы махаббат қай кезде саған келетіні бір жаратушы Аллаға ғана мәлім.Бұл ұлы сезімді сезіну үшін пендеге ең бірінші жүрек керек.Жүрек біздің барлық затқа не жанға жол серігіміз.Ал жүрегің мұздай тас болмаса,нәзік махаббатты оңайлықпен сезінесің.Жүрегің махаббатқа бөленгенде қалай ол жанға ғашық болғаныңды білмей де,түсінбей де қаласың. Шынайы махаббат деген міндетті түрде жұбыңмен бірге болу ғана емес,сүйгеніңмен қосылмасаң да, сол сүйген жаныңа бақыт тілеу,оның бас амандығын Тәңірден сұрау.
Махаббат әр қилы демекші бұл сезім өмір сыйлаған ата-анаңа,әпке- қарындастарыңа,туған өлкеңе,еліңе,өзіңе деген махаббаттан тұрады.Және әр адамға деген махаббат бір-біріне ұқсамайтын ерекше бір сезімдер.Махаббаттың өзі де үш түрге бөлінеді:бала махаббат,шала махаббат,шынайы махаббат.
Бала махаббат-бұл кезде жүрегіңе бір әлем сыймай кететіндей сезімде боласың.Балалық сезім сен үшін тәтті де,пәк,өміріңдегі ең алғашқы махаббат сезімің.
Шала махаббат-бір апталық,айлық,уақытша бір сезім.Бұл сезім май шам тәрізді лаулап жанады да,уақыты келгенде өшіп,май шамы да ақырында жанып бітеді.
Ал шынайы махаббат дегеніміз-бір жанды көргенде жүрегіңнің лүпілі тез соғып,ол жоқ болса,жүрегің тоқтап қалатындай бір сезімде боласың.Сен тіпті өз өміріңді онсыз елестете алмайсың.Жатсаң да,тұрсаң да,бар ойың тек сол жанда ғана болады.Сол кезде сен жүрегіңнің жартысын енді тапқандай күй кешесің.
Махаббат үш жыл ғана өмір сүреді деген тұжырымға мен келіспеймін.Себебі махаббат жыл мен айға ешқашан бөлінбейді.Махаббаттың жарамды мерзімі болмайды.Әрине,жел соқпаса,шөптің басы қозғалмайды.Махаббат ренішсіз,түсініспеушіліксіз,ұрыс-керіссіз жүрмейді.Бірақ бұның бәріне тек берік әрі мықты жандар ғана төтеп береді.Себебі нағыз махаббат бәрін де жеңеді!
Асима Мажитова
Comments