Медиаэтика ұғымы жалпы экран оқиғаларының ережесі деген қарапайым түсінік береді. Журналист болғандықтан қай салада болмасын абыройымызды арттыру да, түсіріп алу да, қалыпты ұстап отыру да осы этиканың жөн – жоралғысын дұрыс сақтаумен өлшенеді.
Қазіргі таңда өзіміздің көзіміз көріп жүрген медиа саласындағы болашақ әріптестерімнің өрескел қателіктері яғни этика ережелерін сақтамауы, медиа саласының бұрынғыға қарағанда әлде қайда ұсақталып бара жатқандығын дәлелдейді. Соның салдарынан да болар, халықты бүгінгі таңда теледидар аса қатты қызықтыра бермейді. Оған себеп көглдір қораптан көрсетіліп жатырған мардымсыз бағдармалар мен медиа этика ережелерінің сақталмаулары деп түсінуге болады.
XXI ғасыр технология заманы демесек, қазақ халқының салт – санасы, мен әдет – ғұрпы өзгермеген. Бірақ тәрбиені таякөзге сүйеніп, сұрапыл сопақ мінезсіздік танытып жүрген медиа жұлдыздарының қарас аз емес.
Әлбетте атап айтқанның айбы жоқ, бәріміз оны көріп жүрміз, бірақ сөз иесін табады сол себепті астын сызып көрсетудің пайдасы бар ма? Елге көрсеткендерінен ұялмайтын, болашақ журналисттің сынына қызара ма?
Түріктердің өздеріне пайдаға аспаған қоқыс қалдығын әкеліп онымен қоймай сол бағдарламаға жүргізуші болған, атақты прадюсердің шет елде журналист мамандығында білім алған қызы да бар. Кезінде халықтың сүйікті әртісі болған актриса да бар, бір кездері денсаулығы сыр беріп, мешіттен шықпай кеткен журналисттіңде басына хайп тасы құлап сол бағдарламада қарасы көрінді.
Бір қызығы елімізде осынша мақтауға тұрарлық журналисттердің ұсақ дүниелермен айналысып жүргендері өсіп келе жатырған жеткіншек жастарға қаншалықты әсер ете алады екен? Елге пайда келтірер журналисттер санын азайтама деген үрей бар...
Журналистика – жол – жөнекей жазылатын әдебиет. Осы әдебиетіміздің ережелерін кітаптан ғана оқитын уақыттан өтіп, мемлекет заңына енгізетін сатыға жеттік деп есептеймін. Медиа этика ережелерін заңды түрде сақтауға кез – келген медиаға қатысы бар азамат пен азаматшаның сақтауы міндетті деп білемін.
Сара Хайдарова
Comments