top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

«Медиаэтика» кітабы жайында


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық ғылым 100 жаңа оқулық» жобасының іске қосылғанына екі жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында «Ұлттық аударма бюросының» басшылығымен 48 кітап толықтай аудармадан өтіп, еліміздің жоғарғы оқу орындарына жол тартты. Жобаның түпкілікті мақсаты білікті гуманитар мамандар дайындауда шетел тәжірибесіне сүйеніп, әлемнің ең үздік университеттерінің таңдаулы оқулықтарын қазақ тілінде сөйлету. Кітаптардың басым бөлігі философия, құқықтану, экономика және менеджмент сынды қоғамдық ғылымдарды қамтиды.

Осы орайда жас журналистердің қоржынына «Медиа этика» және «Медиа және журналистика» атты қос кітап түскен болатын. Аталмыш кітаптардың бірі яғни «Медиа этика» кітабы Тұран Университетінің журналистика мамандығының студенттері арасында қолданысқа ие. Кітап мазмұны қазіргі таңда әлемнің белді басылымдарына қызмет етіп жатқан журналистердің мансап жолындағы алғашқы қиындықтары мен қарама-қайшылыққа толы жағдаяттардан құралған. Демек, бұл кітапта журналистика саласының теориясын ғана емес, жас мамандардың тәжірибесінен өткен болашақта сіздің де алдыңыздан шығуы мүмкін медиа мәселелері қарастырылады. Журналист мамандарды оқыту барысында өткен ғасырдың соңында жазылған кітаптардың көмегіне жиі жүгінетініміз рас. Ал медиа саласы күннен-күнге қарыштап дамып жатқанын ескерсек, жаңа оқулықтар ауадай қажет. Осы тұрғыда «Медиа этика» кітабының шын мәнінде болашақ медиа мамандарын оқытудағы маңыздылығына тоқталып өтсек. Біріншіден, жоғарыда атап өтілгендей кітап 100 пайыз әрбір журналист маманның басынан өткеруі мүмкін мәселелерден тұрады. 27 тараудың барлығында дерлік жас маманның қандай дилеммаға тап болғанын және оны шешу жолдарын қарастырады. Екіншіден, тақырыптар аудитория арасында пікірталас тудыра алады. Оқиғалармен таныса келе әр студент өз позициясын ұсынып, мәселеге анализ жасау мүмкіндігіне ие болады. Үшіншіден, медиа этика кодексының ережелерімен танысып, болашақта қатаң ұстану керек қағидаларды жадында сақтайды. Сондай-ақ жас маман жаңа ортаға тап болғанда кездесуі мүмкін жағдайлармен таныс бола алады. Айта кететін жайт, егер сіз белгілі бір компанияның немесе агенттіктің баспасөз маманы болып жатсаңыз, аталмыш кітапта компанияны жарнамалауда қолдануға болатын тиімді маркетингтік кеңестер ала аласыз.

«100 жаңа кітап» жобасы тек студенттер аудиториясына ғана емес білімі мен біліктілігін арттырғысы келетін барша оқырманға арналған. Қазақстанның ашық университеті openU.kz платформасында кітаптардың онлайн нұсқасымен танысу қызығушылық танытқан әр адамға қол жетімді.


Айым Еркінбекқызы

10 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Kommentare


Пост: Blog2_Post
bottom of page