top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ


Бүгінгі күні мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші — дені сау және білімді халық. Сондықтан да медицина ғылымы өте ауқымды, жауапкершілікті талап ететін салалардың бірі десек қателеспейміз. Еліміз егемендік алғаннан бері денсаулық саласын дамыту үшін біршама жобаларды жүзеге асырып, медицина саласында оң өзгерістерге қол жеткізді. Биылғы жылы дамып келе жатқан бұл салаға мемлекет тарапынан 6,5 млрд теңге бөлініп, қажетті медициналық құрал жабдықтар алынған болатын.

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар медициналық мекемелерге тек жеке куәлігін алып қана бара алады. 2019 жылдан жылдан бастап еліміздің медициналық қызмет көрсету саласы қағазбастылықтан толық арылып, электронды форматқа көшеді. Бүгінде пилоттық жоба аясында Қазақстан медициналық ұйымдарында ем алушыларды тексеруден өткізу мен емдеу нәтижелері, оның ішінде бұрын ауырып жазылған созылмалы аурулар, дәрілік заттарға мүмкін болатын аллергиялық реакция, тамақтану, диета және тағы басқа дәрігердің берген ұсыныстары туралы мәліметтерді қосатын электронды денсаулық сақтау төлқұжаты жасалды. Сонымен қатар, вице-министр қазір азаматтар ем алу үшін емхана мен ауруханаға бірнеше рет келіп-кететінін айтып, цифрландырудың арқасында олай ары-бері сабылмайтынын сөз етті. Осы мақсатта елімізде халыққа цифрлық машықтарды үйрететін 546 орталық ашылып, онда 6 млн-ға жуық адам цифрлық сауатын аша алады. Айта кетсек, Елбасы осы жылдың 5 қазанындағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жаңа Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс екенін айтқан болатын. Бұл жаңа жоба бізге қаншалықты пайдалы? Кезіндегі мұғалім мен дәрігер атаулылары қағаз толтырумен жүйкелері жіптей жұқарып, қағазбастылықтан шыға алмайтын. Ал жаңа жобаға көшу, дәрігерлердің жұмыстарын жеңілдетіп, компьютерлік сауаттылықты талап ететін болады. Меніңше, бұл істің бізге берері мол әрі еліміздің экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосатыны да белгілі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін ұлғайтып, халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыратын едік. Дегенмен осы жобаларды іске асыру арқылы, Қазақстандағы денсаулық сақтау жұмыстары жоғарғы деңгейде болады деп айта аламыз ба?

Оған қоса денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де жоқ емес. Оларға мыналар жатады: ауылдарда кәсіби мамандардың жетіспеуі, денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы, медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы, аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы, мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық, халыққа көрсетілген медициналық қызмет сапасының төмендігі, дәрігерлердің өз мамандығын жетік деңгейде меңгермеуі. Проблемалардың шешу жолдарын қарастыратын болсақ, еліміздегі медициналық саланың жаңа деңгейі қалыптасар еді.


Мунира АМИРОВА

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentários


Пост: Blog2_Post
bottom of page