Қазіргі таңда зайырлы мемлекетімізде, бейбітшіл заманымызда келешек жастарға бәрі де жасалған. Дегенмен, мектептегі оқушы балдардың көбісіне қызығушылық та,ойын да ол бір-бірімен тіресіп, бір-біріне қысым көрсету болып табылады. Адам баласының жабайы жануарлар мен аңдардан ерекшелігін айтпасақ та бәріне мәлім. Санамызда неліктен жастарымыздын осыншама қатігез болып бара жатқаны беймәлім. Қатігездік бұрыннан жоқ емес бар. Алайда, осыншама күннен-күнге біріне-бірі аяусыздық көрсетіп, ұрып,соққанын көргенде жайдан жай жайбарақат қарап отыра алмайтынымыз да бар. Бұл кезекте психолог мамандардың кеңесіне жүгінуге тура келеді. Көбісінің айтатыны бір - “ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің”. Орта мектептерде балалар арасындағы әлімжеттікке қатысты шағым жиі айтылады. Психолог ата-аналарға балаға көбірек көңіл бөлуге, әсіресе оның «жәбірлеуші» және «жәбірленуші» болуды үйренетін кезеңінде қамқорлық танытуға кеңес береді.
Психолог Евгения Кислицына «Баланың агрессиялық қылығының себептері әр қилы болуы мүмкін. Жасөспірімнің өзгелерді күшпен бағындыруының жалғыз себебі оның мінез ерекшелігінде ғана емес. Бұл агрессияның өзіндік тамырлары, себеп, салдарлары бар. Баланың агрессияға бейімділігіне ең әуелі оның шектен тыс қызба мінезі себеп болады. Кейбір ата-ана бұған мүлде мән бермеуі немесе ең сорақысы, агрессияны қалыпты мінезге балауы мүмкін. Ал кей ата-ана тәрбиенің қатал стилін ұстанып, баланы жасқаншақ етіп жібереді. Ондай бала өзіне де, өзгеге де бірдеңені дәлелдегісі келіп, ашу-ызасын кейін өзгелерден алады. Мектептің педагогтар қауымының мұндай балаға шамасы келмеуі де мүмкін» дейді.
– Біріншіден, әке-шеше баласының қатігез болып бара жатқанына өздерінің де қатысы барын түсінуі тиіс. Екіншіден, дер кезінде психологиялық көмек көрсетілмесе, келешекте оның жайсыз зардабын бала да, ата-ана да тартуы мүмкін. Ата-ана бала өмірінің қиын кезеңінде оған қамқорлық танытып, оның проблемаларына дер кезінде көңіл бөлгені жөн, - дейді Евгения Кислицына.
Осы тұрғыда балалар арасындағы әлімжеттікті тыю үшін әр мектеп өздігінше әрекет етеді. Қиын оқушыларды көбінесе аудандық ішкі істер басқармасына есепке қойып, олармен инспекторлар жұмыс істейді.
Мектепте оқушылар арасында бұзақылық жасау, бір-бірін қорқытып ақша талап ету, мектептің мүлкін сындыру, бүлдіру сияқты кездеседі. Осындай жағдайда заңды түрде қолданылатын шара бар ма?
Бұрынғы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы–еліміздің дамуына соңы серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі.Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу–болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек» деп атап көрсетті.
Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтып кеткендей: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі». Сол сияқты балаңыздың жаман жолға түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана, өздеріңіз.
Бала тәрбиесінде басты рөлді ата - ана атқарады, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыруы керек.
Жамиля Муканова
«Тұран» университетінің 3-курс студенті
Comments