top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

МЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНАН ҚАЙРАН ҚАЛАМ....


«Қыз өссе-елдің көркі»- деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қаран бабам.

Расымен, қай ұлтпен салыстырсақ та, қазақтай қыз баласын "Ел анасы" деп қастерлеп, құрметтейтін ұлт жоқ шығар бəлкім. Əрине, жастайынан қыз баланың тəрбиесіне аса мəн беріп, оны төрге шығарып, қырық түрлі тыйыммен ұлттың айнасы ретінде ұялмай көрсете білген. Себебі, "Əйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен əлемді тербетеді" демекші, мемлекеттің өркендеуі, ұлттың адаспай, ұлт болып сақталуы, ол болашақ Ана болар қыздарға байланысты болмақ. Қазақ қызының нағыз бейнесі дегенде, көз алдымызға сəукелелі, ұзынша келген көйлекті, сыңғырлаған шолпы, жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін, инабатты, ибалы жан елестейтіні сөзсіз. Ата-бабамыз қызды еркін ұстай білген, бірақ тым еркінсітпеген. Соның арқасында қызды қырық үйден тыйып өсірген ұлтымыз ешқашан ұятты болған емес. Əрине, бұрынғы қазақ қызының нағыз бейнесін айта берсең ауыз ауырмайды, жаза берсең қолың талмайды. Оны тіпті, ақын, жазушыларымыз, шығармаларына, əндеріне қосып, қазақ қызын керемет бейнелеп өткен. Дегенмен, қазіргі заманның қазақ қыздарынан дəл осы бейнені бүтіндей көре алмайтынымыз өкінішті. Заман өзгерді ме, əлде адам өзгерді ме, ашық-шашық киініп, тəнін сатып, баласын қоқысқа лақтырып, денесіне сурет салып, түтіндетіп шылым шегіп, шарапқа тойып жүрген қазақ қыздарын көргенде, «жоғарыда суреттелген қазақ қызының нағыз бейнесі қайда?» деп ойланасың. "Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді" демекші, сол қарын майды шірітіп жүргендер қазір біреу емес бірнешеу, тіпті оданда көп болып бара жатқаны рас. Бірде Байзақова деп, кейіннен Шырын деп сөздетіп жүргенімізде, сондай бейненің қоғамға үйреншікті болып бара жатқанын, солардай қыздарымыздың көбейіп жатқанына ешқандай шара қолдана алмай отырғанымыз шындық. Қоғамның ықпалынан ба, ата-ананың тəрбиесінің осалдығы ма, əлде баланы тым бетімен жібергендігіміз бе, кінəлі тарапты табу қиын. Қазіргі қыз, ертеңгі ана, ал сол анадан тəрбие көретін ұрпақ болашақтың көрінісі екенін ұмытпағанымыз жөн. Ендеше, "тəрбие тал бесіктен басталады" демекші, қызды қырық үйден тыйып ұстамасақ та, дұрыс тəрбие беріп, ақты-ақ, қараны-қара деп үйреткеніміз, қазақ қызының нағыз бейнесінің жоғалып кетпеуіне септігін тигізер ме еді, бəлкім…


Әмина ЕРТАЙ

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page