top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

МЕНІҢ АТАМ


Туы биік,тарихы тұғиық тұғырлы «Тұран» университетінің 3-курс студенті. Жаханның жедел жыршысы,жаңалықтың жаршысы болған журналистика мамандығында оқимын. Есімім Ақниет Аманхан Аманханқызы. Төменде атам жайлы бірер сөз,көркем естелік. Сіздерге алғысым шексіз атам бір аунап тұрған болар.

«Менің атам-жаханның жайқалған гүліндей құлпырып,үнемі жүзінен шаттық мен шуақтылықтың лебі есіп тұрар жайсаң адам. 1933 жылы дүние есігін ашқан Сыздықов Тұрсынхан атамыз отбасында жалғыз ұл болған екен.Аузын ашса жүрегі көрініп тұрар ақ адал,ақжарқын мінезіне барша ауыл бас иіп, үнемі тілеуін тілеп отырар,ардақты, ұлттың ұлы болыпты.Ақ көңіл болғаны сонша қолындағы барын жат-жақыны үшін аямапты.Мен атамның жүзін көзі тірісінде көрмеппін.Дегенмен "жақсының аты өлмейді "демекші,-атам жайлы айтылар əр естеліктер жадыма ол кісінің керемет бейнесін кескіндейді.Бала едім.Ештеме есімде жоқ.Есімде қалғаны ешкімге көрсетпестен, атамның ескі тақиясын иіскелеп жылап алатын əжем.Менің санамда атам жайлы естеліктер көбінде анамның айтуымен ғана сақталған.Анам келін болып түскенде,жер жəннаты Жетісудың қызына əкелік мейірімін көрсетіп,қолдау болған атам екен.Анам əлі күнге ол кісіні пір санайды.Жəне бізге де сол тəрбиені бойымызға сіңіріп өсірді.Сол себептен де менің атам,менің қиялымда ең керемет жан.Осы жақында əлеументтік желіде бір байқау жарияланған болатын. Бар күшімді жинап,бар естеліктерді теріп,жинақтай отыра атам жайлы бірер сөз жазған едім. Дегенмен де, бастапқыда қолыма қалам ала алмадым. Не деп жазамын? Мен атамның жайдары жүзінде, қоңыр даусында естімедімғой деп ойым сансаққа кетті. Жер барып айтқандай күні кеше түсіме атам кірді.Түсімде мен əлі бала екенмін. Жаңбыр нөсерлетіп тұр.Бізде екі үй бір аулада орналасқан болатын. Баяғынша еркелігіме басыппын. Кіші үйден шығып,жаңбыр астында,балшық суға секіріп жүрмін.Анам əрине ұрсып жатыр.Сол сәтте менің атам, жайдары,жарқын атам үлкен үйдің есігінен,құшағын айқара ашып,қолын сермей мені өзіне шақырды.Анамнан қашып,атама қарай жүгірдім. Атамның құшағы сондай ыстық болатын. Мауқым басылғандай болды. "Əй,жүгермек,ауырасыңғой"-,деп еркелете бастады.Үйге кіргізіп,ыстық пештің қасына жайғастырды мені."Ал енді,мені көрмегем деп айтушы болма"-, дедіде атам көзден ғайып болды.Сол қас қағым сəттің өзі маған атамның қандай екенін,кім екендігін ұғындырды.Ол жəй ғана ата емес.Менің атам. Менің ақ адал, хандай атам.Тек жақсыны бойына дарытқан,жақсылардың ұрпағы болған атам. Қариялар аман болсын!


Ақниет АМАНХАН

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page