top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

«Менің жүрегімде»



Құбылмалы кейіп сарсаң күйіме межелеп соққы беріп, үдемелі бағытыма кез-келген сәтте тойтарыс беріп жүргендігі – ызамды тұла бойыма дарытады. Әлдебір жетек еріп, жолыма қыстақ болып, айдалада қалдыратындай қандай да бір сырға толы бейнелер санамда алай-дүлей болып жатқандығы сізге өтірік, маған шын. Осы бір алған бағытыма сапасыз жүріп, салғырттық танытқандар жармасса, селқоз көңіл менде неге туа бітеді екен?

Сор маңдай, сара-ала туған менің кейпім көптің көзіне тисе, шоқ болып басылып, жарқ етіп жылтыр ететінімді көптен естіп келем. Сұмпайы әдетті тимек қып, жақұтты сенімін серік қып жүргендерімен қатар есіле аққан бұлақтай болсам да, сол әлдебір мен жайлы ағын-өсек толассыз мазасыздыққа бөлерін тежер емес. Көлденең жүріп, көріктіге баласам, әлем кезгендерден төменде шектелерім де, жұртшылық ішінен данаға санасам да, теңіз тұңғиығы еместігім сөзсіз. «Жөні қос, бітімі берік, салауатым шекке шарықтап тұрса, бағындырар белесім қалмас па еді» деген сабылмалы жетексіз ойларым Сахара шеңберінде қалдырып кетпес пе екен деп те сыр шертемін. Абай атамыздың білімпаз анасы:

-«Ойлай берсең, дана боласың» деген асыл ақылы мектеп директорымыздың арқасында жүрген жүрісімізге иек. Не жағдай болса да, ой өрбітпей шаң қуып жүре берсем, іс-әрекетім ешқандай жеміс бермейтіндігі рас екен.

Төкпелі қаламымнан, шертпелі жетістіктеріме дейін көз салып, тыншылап көрсем де сол есіпқой әрекетке жоламауды діттегендей. Жалдамалы өмір ағымында ес жиып, еңсеңді қай уақытта көтерсең де, қорытпалы ой жетегінде дер мезетінде әрекеттенсең, түбі берекелі де мерекелі екендігін ұмытпаған бәз-біреулерге бақ, көпке шаттық сыйлары ақиқат болмақ.


Аслан Бағлан

42 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page