Жалпы қаламгер жазған дүниесімен оқырманға əсер қалдыруы тиіс. Бойында қайсарлық, сезімталдық болса, жүрегінен шығарып, жүрекке жеткізе алады. Бүгінгі мақалада "мінезсіз қаламгерден мінезді дүние шықпайды" деген сөзді тілге тиек ететін боламыз.
Қалай қарасаңыз да, бұл сөзге келісуге тура келеді. Мінез деп отырғаны –ол ашу, ыза емес, онымен тағы шатастыруға болмайды. Мінез – уақытында айтарын айтып қалып, шындықты бүкпесіз ашып, халыққа дұрыс ұғымда жеткізе білу. Шығармашылық тұлғалардан осы күнге дейін мінезсіз жанды көрмедім. Барлығы адамға бір рух беріп сөйлейтіндей. Сөздері анық, шындыққа жанасады.
Енді қалам сермеген қаламгерлердің шығармаларына көз жүгіртсек. Ең керемет махаббат хикаясы "Махаббат қызық мол жылдардың" авторы – баршамызға мəлім Əзілхан Нұршайықов. Сіздіңше ол кітап мінезді ме? Əрине, мінезді дүние шыққан. Себебі жазушы көргенін рухты етіп жеткізді. Қарапайым адамның өмірін əдемі сөздермен көмкеріп берді. Соғысты да шынайы жеткізді. Неге дейсіз бе? Сол ортаның қиындығын көрді ғой, сол арқылы ол сезіне білді. Оны жеткізе де білді және мінезді екенін көрсетті. Демек мінезсіз дүние шығармады. Мінесіз қаламгер деп кімге таяқтың басы бұрылды екен? Қазақ əдебиетінде мінезсіз қаламгер көрген емеспін. Əр қаламгердің өзінің жазу үлгісі бар. Егер мінезсіз қаламгер болса, ол қаламгерлік жолды баяғыда тастады. Енді ол сөзді өзімізге əкеліп бұрмалап көрсек қайтеді? Көрейік. "Мінесіз журналисттен мінезді мақала шықпайды"десек. Ол кезде журналисттерге тағар кінə көбейіп, санауға кірісеміз. Саусақтарымызды бүгіп отырып санын еселей береміз. Себебі қазір қаншама журналисттер бар. Жасаған жұмысынан маңызды дүние көре алмайсыз.Ешқандай сезімге əсер етпейді. Ол дегеніңіз, мінезсіз журналист болғаны деп кінә артамыз ба немесе ақтап аламыз ба? Мүмкін білімін дұрыс жетілдіре алмады. Жоқ, меніңше, ақтауға да келмейді. Біз тек ақыл-кеңес беру арқылы ғана көмектесеміз. Егер белгілі бір мәселеге мақала жазар болса, сол мәселенің түбіне сүңгіп көруі тиіс. Жаза білетін қаламгер көзбен көріп, сезінгенін жеткізе біледі.
Мақала жазсын, эфирге шықсын – бəрібір, керек дүние – ол оқырмандарға тұщымды ой тастау керек екенін əсте ұмытпаған жөн.Жалпы қаламгер жазған дүниесімен оқырманға əсер қалдыруы тиіс. Бойында қайсарлық, сезімталдық болса, жүрегінен шығарып, жүрекке жеткізе алады. Бүгінгі мақалада "мінезсіз қаламгерден мінезді дүние шықпайды" деген сөзді тілге тиек ететін боламыз.
Қалай қарасаңыз да, бұл сөзге келісуге тура келеді. Мінез деп отырғаны –ол ашу, ыза емес, онымен тағы шатастыруға болмайды. Мінез – уақытында айтарын айтып қалып, шындықты бүкпесіз ашып, халыққа дұрыс ұғымда жеткізе білу. Шығармашылық тұлғалардан осы күнге дейін мінезсіз жанды көрмедім. Барлығы адамға бір рух беріп сөйлейтіндей. Сөздері анық, шындыққа жанасады.
Енді қалам сермеген қаламгерлердің шығармаларына көз жүгіртсек. Ең керемет махаббат хикаясы "Махаббат қызық мол жылдардың" авторы – баршамызға мəлім Əзілхан Нұршайықов. Сіздіңше ол кітап мінезді ме? Əрине, мінезді дүние шыққан. Себебі жазушы көргенін рухты етіп жеткізді. Қарапайым адамның өмірін əдемі сөздермен көмкеріп берді. Соғысты да шынайы жеткізді. Неге дейсіз бе? Сол ортаның қиындығын көрді ғой, сол арқылы ол сезіне білді. Оны жеткізе де білді және мінезді екенін көрсетті. Демек мінезсіз дүние шығармады. Мінесіз қаламгер деп кімге таяқтың басы бұрылды екен? Қазақ əдебиетінде мінезсіз қаламгер көрген емеспін. Əр қаламгердің өзінің жазу үлгісі бар. Егер мінезсіз қаламгер болса, ол қаламгерлік жолды баяғыда тастады. Енді ол сөзді өзімізге əкеліп бұрмалап көрсек қайтеді? Көрейік. "Мінесіз журналисттен мінезді мақала шықпайды"десек. Ол кезде журналисттерге тағар кінə көбейіп, санауға кірісеміз. Саусақтарымызды бүгіп отырып санын еселей береміз. Себебі қазір қаншама журналисттер бар. Жасаған жұмысынан маңызды дүние көре алмайсыз.Ешқандай сезімге əсер етпейді. Ол дегеніңіз, мінезсіз журналист болғаны деп кінә артамыз ба немесе ақтап аламыз ба? Мүмкін білімін дұрыс жетілдіре алмады. Жоқ, меніңше, ақтауға да келмейді. Біз тек ақыл-кеңес беру арқылы ғана көмектесеміз. Егер белгілі бір мәселеге мақала жазар болса, сол мәселенің түбіне сүңгіп көруі тиіс. Жаза білетін қаламгер көзбен көріп, сезінгенін жеткізе біледі.
Мақала жазсын, эфирге шықсын – бəрібір, керек дүние – ол оқырмандарға тұщымды ой тастау керек екенін əсте ұмытпаған жөн.
Журналистика факультеті 2-курс
Кенгашева Айсауле
コメント