top of page

Нан бағасы қанша?!

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 22 окт. 2019 г.
  • 2 мин. чтения


«Ас атасы нан» - деп дана халқымымыз айтып кеткендей, әр қазақтың дастарханында осы бір қасиетті ас қойылады. Онсыз ешқашан ас ішіліп, бата қайырылмайды. Алайда жылдан-жылға өсіп бара жатқан бағаны көріп, халық санасында түрлі ойлар туындауда. Әрине, баға өсті екен деп нан жеуді тоқтатпасымыз анық. Әйтсе де, “Неліктен баға көтеріліп жатыр?” деген сауал бәрімізді мазалайтын болар. Осы сұраққа өз бетімізше жауап беріп көрелік.

KTK.kz сайтының мәлімдеуінше ағымдағы жылдың 4 ақпанында Тараз қаласы мен аудандарында бөлке нанның бағасы 65 тен 70 теңгеге, яғни 5 теңгеге қымбаттады.Кейіннен облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен 2018 жылдың 19 қарашасында ұн мен бидай нарығына талдау жүргізіліп, нәтижесінде өткен жылдың екінші жартысынан бастап солтүстік өңірлердегі бидай бағасы 1 келі үшін 45-50 теңгеден 65-70 теңгеге көтерілді. «Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың кірісін, наубайханалардың қаржылық жағдайын, көршілес өңірлердегі нан бағасының деңгейін және тұрақтандыру қордан 100 млн. теңгеден астам күтілетін шығындарды ескере келе, ағымдағы жылдың 21 қаңтарында облыс әкімінде наубайханалардың қатысуымен өткен отырыс барысында нан бағасын 5 теңгеге көтеру жөнінде шешім қабылданды. Бұл қадам наубайханалардағы өндірістік әлеуетті, сондай-ақ нанның сапасын сақтауға мүмкіндік береді»,- дейді Берік Болатұлы.

Алдағы уақытта ас атасының бағасы қымбаттай ма? Ақпанның соңында Павлодарда нанның бағасы 10 теңгеге бірақ көтерілді. Оған себеп – 73 теңгеден сатылған бірінші сұрыптағы ұнның 80 теңгеге қымбаттауы. Сондай-ақ басқа облыстарда ұн жасалуына байланысты көлемдердің азайып, бірақ сұраныстың азаймауы негізгі себептердің бірі болып табылады. Былтыр Қостанай облысында жиналған астықтың екі млн-ға жуығы шетелге экспортталған. Әлемдік нарықта бидай қымбаттаған.Әрине ол біз секілді эспорттаушы ел үшін жақсы жаңалық.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың сөзіне сенсек, алдағы уақытта нан бағасы аса қымбаттай қоймайды екен.Әлеуметтік бір бөлке нан бағасы – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін болады.Астық бағасы көтерілген жағдайда ӘКК механизмдері енгізіледі деп хабарлады. Осылайша нан бағасы тұрақты болмақ.


Ақтолқын УТЕНОВА

 
 
 

Comments


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page