Нашақорлық- бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Жас ұрпағымыз салауатты да сау, қоғамымыз өкэркениетті болуы үшін, біз барлығымыз жұмылған жұдырықтай болып, нашақорлыққа қарсы тұруымыз керек. Сондықтан әр адам нашақорлықты өзінен алыс ұстағаны жөн. Есірткіні қолданудың себептері көп. Жастардың есірткіге тәуелді болуы, ата-аналарының, мұғалімнің баланың бос уақытын қалай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті, баланың қолында артық ақшаның жүруі де себеп болады. Нашақорлыққа салынған жасөспірім қаражатты ұрлықпен табуды ойлайды, ал ұрлық әрдайым жазасыз болмайды. Көбіне бұл процесс ортаға байланысты немесе қызығушылықтан пайда болады. Ең алдымен наша шегуге немесе ес ауыстыратын дәрі ішуге ортаның ұсынуынан жастар қалай осы дүниеге құмартып қойғанын білмей жатады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды ойлайды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысса, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын деп ойлайды.Бара-бара жасөспірімдер, нашақорға, есірткінің құлына айналады. Біздің заманда есірткіні табу оңай болып тұр. Есірткіні түнгі клубтарда, би алаңдарында да, арнайы сатылатын орындарда да, тіпті мектептерде де алуға алуға болады. Уақыт өткен сайын есірткінің дамуы да жүріп жатыр.
Бұрын жасөспірімдер, анаша, марихуана шексе, қазір героин, какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол адам бір рет дәмін татқаннан кейін, оған әуес болып қалады. Міне, есірткінің әсері жастардың нашақор болуы себеептерінің бірі сонда жатыр.
Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мыналар;
1. Ата-анының баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы.
2. Отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткіні қолдануы.
3. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы.
4. Мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізбеу.
5. Алкаголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы.
6. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуі.
13-15 жастағы жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Осылай кәмелет жасқа толмаған жастардың қызығушылығын арттырады. Бұл жастарда, жасөспірімдер өтпелі кезеңде болғандықтан, олардың немен әуестенетініне, достарының кім екендігіне, достарының арасында есірткі мен алкаголь қолданатындардың бар-жоқтығына көңіл бөліп, мінез-құлықтарының өзгерістеріне назар аударған дұрыс.
Ең бастысы, әр ата-ана арақ ішіп, темекі тартып, есірткіні қолданып, ұрпағына өнеге көрсетпегені жөн. Өйткені, әр бала ата-анасына ұқсауға тырысады. Бұл әсіресе, 14 жасқа дейінгікезеңге айқын көрінеді. Жас балалар арақ-шарап ішу, темекі тарту, есірткіні қолдану оларды ересек етеді деген ойда жүреді, оларға арақ ішу мен темекіні тарту, баланы ересек етпейдігін түсіндіріп отыру артық болмайды. Сонымен бірге, есірткіні қолдану, оны сақтау немесе сату заңмен қадаланатындығын жиі есіне салып отыру керек. Жасөспіріммен алкаголь, есірткіні және барлық тәрбиелік мәні бар әңгімені тиімді уақытта бастағаны дұрыс.
Бірінші байлық – денсаулық деп халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат – міндеттерінің бірі – адамның хал-ахуалы мен Қазақстан-2030 бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт.
Саханова Алинура
«Тұран» университеті 3-курс студенті
Comments