Ғасырлар қойнауынан келе жатқан қазақ халқының аспабы – екі ішекті
домбыра туралы ой қозғамау қателік болар. Өткен ғасырда еліміздің
қуанышын, мұң-мұқтажын домбырамен жеткізген. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра
тұратыны да көңілді қуантады. Қазіргі кезде де домбырасыз бірде-бір шара
өтпейді. Өз басым домбыраны қолыма 9 жасымда алғандықтан, бұл аспапқа,
бұл өнерге ессіз ғашықпын. Осы өнерімнің арқасында түрлі іс-шара, байқау,
концерттерге қатысып, өзімді талай биік - белестерге алып шығып жүрмін.
Күмбірлеген күйдің жағымды үні, дене бойыңды тыныштандырып, басқа
әсерге бөлейді. Сонау ғасырлардан бері келе жатқан күй өнерін халыққа паш
етіп Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев секілді
ата-апаларымызға еліктеп, домбыра тартуды жастайымнан хоббиіме
айналдырған болатынмын.
Домбыра өнері бүгін де белсенді дамып келеді. Қазіргі заманда танымал
күйшілердің бірі-Секен Тұрысбек. Ол жазған 21 ән мен 14 күйді білмейтін
музыкант жоқ шығар. Автордың шығармалары Қазақстанның ғана емес,
сондай-ақ таяу және қиыр шетелдердің үлкен концерттік алаңдарында
орындалып жүр. Ең танымал күйлері «Көңіл толқыны», «Ақ жауын»,
«Өкініш», «Ару ана». Жоғары да айтып кеткен Құрманғазы атамыздың
танымал күйлері “Балбырауын”, “Адай”, “Ақсақ киік”, т.б. секілді күйлер өне
бойыңды шымырлатып жібереді. Байқасақ, біздің күйлер, сонау түркі
заманындағы қазағымыздың тарихын жеткізе білген. Еркіндік, бостандықты
аңсаған қара халықтың жағдайын көрсеткен. Ғасырлар бойы қалыптасқан
мұраның бүгінгі күнге жетуіне, осы күйшілеріміздің арқасы деп білемін. Екі
ішектен ғана тұратын музыкалық аспаптың ерекшелігіне шынымен де
тамсана да, таңдана да қарайсың. Алпауыт мемлекетіміздің күй өнерін,
мәдениетін келешекте жоғалтпай, жандандыра түсу біздің - жастардың
қолында!
Сағыныш САБЫР
Сурет: https://yandex.kz/images/search?text=домбра&from=tabbar&pos=8&img_url=https%3A%2F%2Fel.kz%2Fupload%2Fiblock%2Ff83%2Ff83decada95f7f5387f4b4af81e1e716.jpg&rpt=simage
Comments