top of page

ОТАНДЫҚ КИІМ КИІП ЖҮРМІЗ БЕ?!

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 16 окт. 2019 г.
  • 1 мин. чтения

ree

"Адам көркі-шүберек" демекші, бір көргеннен үстідегі киімге қарап адам туралы көз қарасымыз қалыптасатыны белгілі . Сол себепті де, қайда барсақта бірінші үстідегі киімді ойлап жүреміз. Тіпті, қалтаға ақша түскен бойда дүкенге жүгіретініміз шындық. Түрі мен бағасына бірден назар түсіріп, кейіннен брендіне қараймыз, шыны керек, қарамайтындарымыз да бар. Егер байқағандарыңыз болса Қырғыстаннан немесе Қытайдан, қазір, Түркиядан өндірілген деген жазуларды көп кездестіреміз. Ал отандық өнімдеріміз қайда?

Əрине, Отандық өнім жоқтың қасы деп айта алмаймыз. Себебі, еліміз жеңіл өнеркəсіптің дамуына назарын аударудың арқасында, қазір отандық өнім шығаратын цехтар көптеп ашылып жатыр. Тіпті, отандық дизайнерлердің де саны артып, атақтары шетелге жетіп жүргендер де бар. Дегенмен шыны керек, отандық киімдеріміздің жарнамасы жер көкке жайылып жатпаса да, бағасы шарықтап тіпті шетелдік киімдермен бірдей.Сол себепті де болар, қарапайым базар маңынан Қазақстандық өнімді кездестіру қиын. Əрине, қымбат киімді алып сатқаннан гөрі, көрші елдерден арзанға дайын өнімді əкеліп үстіне ақша қосып сатқан сатушылар үшін тиімдірек. Ал отандық киімдер неге қымбат екенін өндірушілер былай деп түсіндіреді. Себебі мынада: отандық бренд шығарушылар матадан бастап, қажетті жабдықтардың барлығын сырттан алдырады екен. Яғни, киім отанымызда тігілген деген аты болмаса, құрал-жабдықтарының бəрі шетелдікі. Ал бұндай шарықтаған бағадағы киімдер, əрбірінің қалтасына шақ бола бермейтіні сөзсіз. Дегенмен, бес саусақ бірдей деп айта алмаймыз. Себебі, жан-жақты шарлап жүріп, қол жетімді бағамен сатылып жатқан отандық брендтерді кездестіруге болады екен. Ендеше, таңдау өзімізде. Киімнің түрі мен бағасы ыңғайлы болса болды демей, оның өндірісіне қарап, отандық өнімді бірінші өзіміз тұтынсақ, кейіннен басқа елдің де тұтынбауына кім кепіл?!


Әмина ЕРТАЙ

 
 
 

Комментарии


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page