top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Отбасың-бақыт мекенің


Бүлдіршін кезден сені мәпелеп,алақандарына салып,аялап өсіріп,барлық тәлім-тәрбиесін беретін жандар-ана мен әке.Ана мен әкеге деген махаббат басқа сезімдерден қарағанда мүлдем ерекше.Сен оларға Алла Тағаладан келген сыйысың,сен олардың ұрпағын жалғастырушы жансың.

Қазіргі таңда кейбір жастарымыз ата-анасына жеткілікті көңіл бөлмей,сыйламай,тіпті еш хабарсыз да кетіп,соғылған қоңырауды алғанның өзінде,дөрекі және ерсі жауап қайтарып,тіпті қарттар үйіне өткізіп жіберетін кезге де жеттік.Бұл қазіргі таңда назар аударарлықтай жайттардың бірі.Бұндай жастарымызға мен:

-«Досым, ойлан,оларсыз сен бұл өмірдің есігін ашып,дүниеге келместе едің,адам болып аяққа тұрмайтын да едің!»,-дегім келеді.Байлық,атақ-даңқ,клуб,ішімдік,ставка тігу,арзан ойын-күлкі бұның бәрі бос нәрсе,бұның бәрі жердің бетінде қалатын нәрсе.Жан тапсырғаннан бастап,сен өзіңмен бұл жалғаннан ешқандай затты алып кете алмайсың.Сен өзіңмен осы уақытқа дейін жасаған әрбір игі ісіңмен ғана кетесің.Ал саған өмір сыйлаған жандарды құрметтемеу-бұл үлкен күнәлардың бірі.

Бұл дүниеде ешкім мәңгілік емес,әкең мен анаң сенің жаныңда болғанда оларды бағалай біл.Жасырып жүрген олардан бір сырың болса,шындық қақпасын аш.Бар жағдайыңды айтып түсіндірсең де мейлі түсіндірмесең де,олар сені әрдайым жылы қарсы алуға дайын,қайсар қала баласы болсаң да,ауылға ата-анаңды көруге жиі барып тұрсаң,ақтарсың осы жол сүтін.Себебі өз баласының жылулығын,махаббатын сезіну,әрі сенің аман-саулығың ата-ана үшін жеткілікті.

Асима Мажитова

9 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

コメント


Пост: Blog2_Post
bottom of page