Ардақты еселеп, одан жалғап кезең-кезеңге үйлесін тауып келген ғұмыр-ақиқатымыз еңгезердей әкемізден көңілі ояу еліміздің болашақтарына берілген бірден-бір таптырмас асылымыз екені мәлім. Жалтақ мінезділер жалпақ дүниені қанша жерден төбелесе де, даңғыл жолда дараланып жүргендердің орнын әлі баса алмақ. Ойланып сөйлеп, кикілжің соңын қумай, керісінше жақсылыққа балап, адам бағытын ізгі іс-әрекетке бағыттайтын «білектің күшімен емес, бірліктің көркімен» өзгеден озатындығымызға дәйектеп жүретін жандарымыздың саны саусақ санарлық болып жатқаны шынымен-ақ күйіндіреді...
«Шындық қайда» деп ақиқат жолын кезген жүрегі-айна, рухани арқауы зор, нағыз шындық қалар азаматтарымыз қай уақытқа дейін қабырға бұрышын жағалап жүрмек екен? Халық қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимеген осындай аға-апаларымыздан үлгі алмағанымызда кімнен алмақпыз?
«Көп тұрған су сасиды» демекші, шыңдалып тұрған жас өренге бойына осынша қасиет жинақтап тұрғанда, қаққан қазықтай қадалмай, ілгері қарай жылжуы өзіне тән болары сөзсіз. Жақсыдан үйреніп, достық қатынасын құрай білсе, айы оңынан туды дегенмен іспеттес.
Біле білсек, тұлғасында қайраты бар адамнан, көңіл-қазы, ақыл, парасатты, адамгершілігі таразыға түскенде шек бермейтін, іздесең табылуға шебер, шөлдесең жаныңа дария суын әкеп беретін бағалы жан шығары даусыз. Осындай азаматтан тәрбиені иек қып, дарыта білсек, сенің де биікке шықпайтыныңа кім кепіл?
Халық педагогикасында жігіттің жақсы-жаман болмағы өскен ортасы, жора-жолдасы және жанұясындағы достыққа байланысты деп бағалаған.Оны «жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» деген сияқты мақал-мәтелдерден айқын көреміз.
Әдетте, кісі күнделікті араласып жүрген адамдарының ішінен өзінің жанына жақын, өз табиғатымен үндес, өзін сатып кетпейтін, адалдығына шүбә келтірмейтін жанды кездестіреді. Содан онымен өте жақсы араласып, бір-бірлері арасында мызғымас достық орнайды. Алайда, «әттең тоңның келтесі-ай» дегендей достық соңы амалдыққа өтіп, өкіндіретін тұстары да бар. Сен содан өшпестей сабақ алып, өзің де, өзге де, соны қайталамайтындай әрекеттен. Бұл да сенің саналы тіршілік иесі екендігіңе дәлел болады.
Қызықтың бәрі – асылтасқа, өзімізді теңестірсек, жаман да, жақсы да қасиетті сіңіргендігімізге куә боламыз. Бұрысын саралап, ондай әдеттен жиренуге қазірден қадам бастаған жөн. Елдің болашағы деп сенім артып отырғанда, біздің қателікке бой алдырғанымыз жөн емес. Сондықтан болашақ өрен, шоқтығы биік заңғарға ұмтыламыз десек, жақсылық төрін кезгендерден үлгі алайық!!!
Аслан Бағлан
Comments