Бәрі мінсіз болуы керек. Бұл перфекционистің басты ұраны. Егер мектепте сіз бестен басқа бағаға келіспеген болсаңыз, сіз жобаны соңына дейін жетілдірмей тапсыруға дайын болмасаңыз немесе бір істі бастауға батылдығыңыз жетпей ол істі жалғастыра алмаймын деп қорқатын болсаңыз, онда сіз перфекциониссіз. Бұл құбылысты зерттеу, алғашқы әрекеттері ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында басталып, біраз уақыттан кейін 1991 жылы канадалық психологтар Полк Хьюитт пен Гордон Флетт өздерінің әйгілі перфекционизм шкаласын ойлап тапты, осы шкалада үш түр бар:
1) Өзіне бағытталған перфекционизм
2) Басқаларға бағдарланған перфекционизм
3) Әлеуметтік белгіленген перфекционизм
Егер сіз өзіңізге тым жоғары талап қоятын болсаңыз, бұл бірінші нұсқа, сіз басқаларды қателіктері үшін кешіре алмасаңыз, бұл екіншісі, үшіншісі - бұл әркімге ұнауға және кез-келген сыннан аулақ болуға тырысу. Көптеген адамдар мақтанышпен, өзін перфекционист деп атайды, бірақ негізінен бұл әлсіздік. Перфекционист әрдайым бәрін мүлтіксіз және дұрыс орындауға тырысып,өзі ойлап тапқан қол жетімсіз стандарттарға жете алмай, азап шегеді. Сол үшін ол үнемі стресстен шаршап, дұрыс демала алмайды. Мұндай адам сынға шыдамайды және оған қарсы тұрғанда қатты зардап шегеді, сондықтан қателіктерден қорқады және олардан аулақ болғысы келеді.
Ешкімнен сын естімеу үшін, еш нәрсені бастамай, қиндықтарды көрмей, жүре беру. Сондай-ақ, перфекционист өзінің айналасына жоғары талаптар қояды, сондықтан мұндай адаммен қарым-қатынас орнату керемет деп айта алмаймыз. Перфекционист әрқашан үлкен жоспарлар мен Наполеон мақсаттарына ие, бірақ оларға сирек қол жеткізуге болады, өйткені басқа перфекционистің ауруы - бұл прокрастинация немесе бәрін кейінге қалдырғысы келетін адам. 1908 жылы американдық психологтар Роберт Йеркс пен Джон Додсон, өз мақсатыңызға жету үшін сізге орташа мотивация деңгейі керек деп заң шығарды, яғни егер сіз шынымен бір нәтижеге жеткіңіз келсе, сіздің жоспарларыңыз бен қалауларыңыз орташа деңгейде болуы керек. Өте биік мақсаттар қойған перфекционистерге бұл тапсырмадан бас тарту қиын, себебі егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, олар үшін бұл «ақыр заман», сондықтан олар ештеңені бастағысы келмейді. Күрделі тапсырмаларды орындау, жаңа жобаны немесе өзіңіздің бизнесіңізді бастау. «Менің қолымнан ешнәрсе келмейді», «мен жетістікке жете алмаймын» және басқа да деструктивті ойлар олардың айналасында жүреді, ал одан ешқандай нәтиже жоқ, өйткені перфекционист өте жауапты нәрсе жасауға шешім қабылдай алмайды. Мұның бәрі көбінесе мазасыздық пен депрессияның жоғарылауына алып келеді. Канададағы «МакГилл» университетінің бір топ зерттеушілері перфекционизм мен психикалық бұзылулар арасындағы байланысты зерттеді. Жоба басшысы Вера Беке, «сәтсіздіктерден қорқу салдарынан болған тұрақты күйзеліс, перфекционисті депрессияның ықтимал құрбаны етеді» дейді. Бірақ, перфекционизм қайдан пайда болды? Неліктен перфекционист адамдар азап шегеді? Әзірге психологтар ол сұрақтарға нақты жауап бере алмайды, және негізгі көзқарас, балалық шақтағы әлеуметтік ортадан және тәрбиеден бастау алады.Ата-аналар үнемі баладан жақсы нәтиже алғысы келсе, баланы мақтамай, «бұдан да жақсы істеуіне болатын еді» - деп айтып, тәрбиелесе, бала идеалды болуға ұмтылу керек деген сеніммен өседі, және бұл қате ой туғызып, оның әрі қарай дамуына алып соғады. Бірақ перфекционизм әрдайым соншалықты жойқын бола бермейді. 1978 жылы психолог Дональд Хомчак сау перфекционизмнің болуы туралы айтты. Бұл әдетте көшбасшылық қасиеттерге ие және тиімділігі жоғары адамдарға тән болады. Егер сіз өзіңіздің ақыл-ойыңызға, физикалық және әлеуметтік мүмкіндіктеріңізге сәйкес нақты, қол жеткізетін мақсаттар қойсаңыз, онда сізде сәтті және бақытты өмір сүрудің барлық мүмкіндігі бар. Дені сау перфекционизмнің басты критерийі - алға қойылған мақсаттарды орындау процесінде толқу және сол іске құмар болу, ал егер сіз істеп жатқан жұмысыңыздан ләззат алсаңыз, онда ол барлығына тек қуаныш пен бақыт алып келеді.
Асылбек Абдымұрат
Comments