top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Рухани жаңғыру - болaшаққа бастар жол

Обновлено: 4 дек. 2019 г.



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевың <<Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру>>бағдарламалық мақаласын жүзеге асырыуымыз үшін бүкіл қазақ даласының ұлттық құндылықтарын сана биігіне көтеруіміз қажет.Сонда ғана халқымыздың мәдениеті мен руханияты қайта дәуірлейді.

Елбасымыз осы мақсатты жүзеге асыру барысында көптеген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.Соның бірінде "Еліміз мықты,әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қадам басамыз" деп қадап айтқан болатын. Қатпар-қатпар тарихымыздың тамырына үңілсек,тәуелсіздік жолында қаншама қиыншылықтардан өттік. Батыр бабамыз Абылай хан “Елім,жерім!” деп ұрандап,осынау кең байтақ жерімізді бізге мұра етіп қалдырды. Кеңес үкіметінің кезінде еліміз ел болудан қалып,жан-жаққа бытырай көшкен еді. Ішерге ас таба алмай,ағаштың үгіндісімен күн көргендігін аталарымыз айтып отыратын.

Қазір мұның бәрі көрген түстей.Әрине,осындай көзі ашық,дамыған елде еш қиналмай өмір сүріп жатырмыз.Елбасымыздың қолдауымен күннен күнге еліміздің әр түкпірі жанданып,көркейіп келеді. Жалпы,рухани жаңғыруға келетін болсақ,мақсаты-елімізді,халқымызды дамыта түсу.Соның бірі – латын әліпбиіне көшу.Әрине, мұны әр адам әртүрлі қабылдайды.Кейбіреулер айтып жатады:"Әліпбиіміз латын харіпіне ауысса, қазағымыз қайда қалады?" деп, ал кейбіреулер қолдайды.Жалпы,менің ойымша, ,әр адам өз санасымен ойланып, ертеңгі күніне, болашағына сеніммен қарауы керек.Латын әліпбиіне ауысудың бізге ең тиімді жағы қазіргі заманғы техникалық ортаның, коммуникацияның, сонымен қатар 21 ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінінің ерекшелене түсуінде.

Осының бәрін ескере отырып,рухани жаңғыру еліміздің жаңа бір кезеңге қадам басуы деп ойлаймын.Бұл туымызды көкке көтеріп,еркін самғауымызға мүмкіндік береді.

Ұлжан Хасен

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Yorumlar


Пост: Blog2_Post
bottom of page