top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Сақтансаң сақтайды...


“Жол жолдасың Қыдыр болсын”,-демекші бәріміз астымызда бір-бір темір тұлпарымыздың болғанын қалаймыз. Қазіргі заманда жас, кәрі,қыз-келіншектерге дейін астыларымызда көлік бар.Бірақ жеңіл көлікпен асыға жүріп, от басып,түрлі қайғы-қасіретке ұшырап жатады.Баратын жеріңе 10 минут кешігіп барсаң да,аман-есен жеткенің жақсы.Тек асығыс үстінде көлік жүргізу емес,жол үстінде басқа да оқиғалар орын алып жатады.Мысалы,жүргізуші жол жүру ережесін 100%-ға біліп тұрғанымен,басқа көліктің ұруы,маскүнем адамның алдыңнан байқаусызда шығуы,кейде ауа-райының кесірінен көліктердің техникалық ақауларына салғырт қарау,жаяу-жүргіншінің белгіленген жолақтардан өтпеуі салдарынан жол апаты болады.Өз басым Есік қаласынан Алматы қаласына жеткенше,екі күннің бірінде неше түрлі жол апатын көремін.Есік қаласынан шыққанда сақ қорғандары көп. Яғни киелі жерлерде жол апаттары көп орын алады.Осындай оқиғалардың әсерінен отбасылар жақындарынан айырылып,қайғылы жағдайлардың куәсі болады. Алматыдай ірі қалаларда, әсіресе түнгі уақытта,бір-бірімен жарысып жылдамдық асырып айдайды.Бірақ соңғы технологиялардың бірі "Сергек" камерасының орнатылуының арқасында жол жүру ережесінің бұзылуы азайды. Жол үстіндегі немқұрайлылық қаншалықты ауыр зардапқа әкелетіндігін ескеріп,сезініп,отырған рөлге аса жауапкершілікпен қарап,жол ережесін сақтайық!


Сағыныш Сабыр

3 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Комментарии


Пост: Blog2_Post
bottom of page