top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

СПИН-ДОКТОР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?!


Әлем бойынша ақпаратты технологияларды басқарудың сан алуан түрі бар. Олардың барлығы да ақпаратты жағымды немесе жағымсыз жағынан көрсетуге бағытталған. Қазақстандық фантаст жазушы Нарбинь Смагулованың сөзі бойынша: « Ежелгі Қытай елінде осыдан 3 мың жыл бұрын пиардың 36 технологиясы» болған екен.

Ақпарат-жұқпалы ауру секілді тез таралатыны баршамызға мәлім.Әсіресе тосыннан келген апатты жағдайлар мен бір тұлғаға байланысты жағымсыз сөздер халық арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте ондай жағымсыз жаңалықтар орнын толтыру үшін, «спиндоктор» технологиясы қолданылады. Спин-диктор дегеніміз - (spin – ағылшын тілінен аударғанда «айналдыру», «дөңгелектеу» деген мағынаны береді) ақпараттарды тек жағымды жағынан жеткізіп, дәлел-деректер арқылы бұқараның сенімін қайтадан орнықтыру. Яғни ақпаратты емдеу қызметін атқарып, саясат пен бизнес, жеке тұлға мәселесі секілді кез-келген саладағы жағымсыз ақпараттардың күшін әлсіретуге бағытталады. Ол аса жылдамдықпен таралып айналасына өзінің бүлдіргіш немесе жақсартқыш энергетикасымен кез- келген жағдайды өзгеріске ұшырата тырысады. Егер де ақпарат тек жақсы жаңалықтарға толы болса кімге пайдалы?! Әрине компанияның немесе жеке тұлғаның беделіне өзінің үлкен әсерін тигізері хақ. Ал, біз күтпеген жаман ақпарат болып қалса не болмақ?! Ондай жағдай болса, ақпаратты емдеу керек болады. Яғни мұнда «дәрігер-пиаршылар» өз жұмысына кірісуіне тура келелі.

Осындай мақсатта өмірге келген спиндоктордың ақпараттағы менеджменттің саяси-әлеуметтік дағдарыстар кезінде маңызы өте зор. Мысалы, 1997 жылдарда АҚШ президенті Билл Клинтон мен Моника Левинскаяның арадағы романы бұқаралақ ақпарат құралдарының бетіне шығып кеткен болатын. Сол уақытта Клинтон Ирактағы атом бомбасының сынақ нүктесі орналасуы мүмкін делінген бомбалауға бұйрық берді. Бұл ақпарат сарапшылар тарапынан жұртшылықтың назарын басқа жаққа аудару үшін жасалған әрекет деп бағаланды. Оны ұйымдастырған Клинтонның пиаршылары деген пікір бар.

Қытай стратегиясында айтылған «Шығыста айқай-шу көтер де, Батысты барып басып ал» деген сөз бар. Спин-доктордың қызметіне дәл осы сөз де анықтама бола алады. Себебі жұрттың назарын басқа нәрсеге аудару арқылы, сен өзіңе жағымды жағдайда қалыптастырып аласың. Б.Клинтонның жағдайына келер болсақ, ол өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде Ирактағы қауіптің көзін жойған болып шықты. Осы арқылы Америка халқын немесе әлем халқын атом соғысынан сақтап қалған болып көрінді. Және өз беделін көтеріп алды.Зерттеуші Д.Уотс спин-доктор жұмысының негізгі екі бағытын көрсетеді. Олар:

1)белгілі бір ақпараттың кесірінен болуы мүмкін жағымсыз немесе қолайсыз жағдайдың алдын алу;

2)сұхбат немесе көпшіліктің алдында сөйленген сөз теріс бағыт алып кеткенде оны түзетуге әрекет жасау. Қоғамдағы ақпараттық ахуалдың мазмұны мен түр-сипаты белгілі бір уақыт аралығында ақпарат көздері жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады. Ал ақпараттық сәйкессіздік туындаған жағдайда мұның өзі қоғамдағы әртүрлі топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдаланатын құралына айналып кетуі де ғажап емес. Осы кезеңде спин-доктордың жұмысы маңызды болады. Ол жұртшылықтың әртүрлі көзқарасын бір арнаға қарай, жағымды реңкке келтіріп бұру үшін жұмыс істей бастайды. Оған қоса қандай да бір шешімнің немесе оқиғаның жұртшылық тарапынан бірден қолдау тауып кетуін қамтамасыз ету үшін алдын ала жүргізілетін медиа-әрекеттің маңызы зор.

Ал Г.Почепцов өзінің «Ақпараттық соғыс» атты кітабында «спиннің» бес түрін көрсетеді:

1 спин-алды – оқиғаның алдын алып (ақпараттық) дайындық жүргізу; Қазірде көрсетіліп жатқан «Томирис» киносын осы технологияға жатқызып жатқан көрермендерімізде баршылық екен. Олар өздерінің фейсбук парақшаларында бұл туындының мақсаты - елімізді әйел басшыға дайындау деп түйіндейді.

2 спин-соңы – оқиғаның жағымды тұрғыдан қабылдануын қамтамасыз ету;

3 спин-дауыл – көпшіліктің пікірін тез арада басқа жаққа бұру;

Яни бұл технологияға жоғарыда айтылған Клингтон жағдайын айтуға болады.

4 дағдарысқа бақылау орнату – бақылаудан шығып бара жатқан жағдайды ырыққа көндіру бағытындағы жұмыс;

5 шығынды азайту – шығынның алдын алу немесе азайту бағытындағы менеджмент.

Қорытындылай келе, қандай да бір даулы ақпараттың өзі де өз бетімен 10-шақты күн ғана өмір алатынын еске саламыз, Бұл уақыт аралығында кимелеп тұрған басқа да ақпараттар тасқыны алдыңғының күшін азайтып, ақыр аяғында оны жойып тастайды да, жұртышылықтың назарын әр жаққа аударып жібереді. Ал даулы ақпарат белгілі бір уақытқа дейін белсенді болып тұру үшін оған мүдделі топтың үнемі тамызық тастап отыруына тура келді. Спин-доктор осы кезде одан да белсендірек жұмыс істеуге мәжбүр болады.


Гүлмира ҚОШАЕВА

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page