top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Студенттік өмір


Адамның дамуына, өз бетімен шешім қабылдауына септігін тигізер, ақ пен қараны айырып, өмірге төселуіне жол ашар - студенттік өмір. Қызығы мен шыжығы мол студенттік өмір жайлы айтатын естеліктер де толассыз. Аядай ғана ауылда жүріп, қалың адамның ортасына топ ете қалуым, балмұздақ атанып, жаңа ортаға үйренісу оңай болған жоқ. Кабинеттерден шатасып, қатал мұғалімдердің түрлерінен сескеніп, аралық бақылауға түнімен дайындалып, сессияда мүлдем төрт-бес күн тест жаттап, сессия болатын күні сасқалақтап, қорқып әйтеуір дегенде тапсырып бір жеңілдеп едік. Осындай бір үзіліссіз уақытпен өтіп жатқан студенттік өмірде бірі өкініп “ Үлкен қалаға аяқ басуым бекер болды, өз қаламнан жалғастыруым керек еді”-деушілер асқазандары әңгіме айтып, рубежкалары қинап, көңіл-күйлері болмаған уақытта ауыздарына бірінші түскен сөздері болды. Уақыт өте қаланы аралап, қызықты іс-шаралар өткізілсе бірде-біреуінен қалмай, теледидарларда өткізілетін ток-шоулардың тұрақты көрерменіне айналып, қаланың ең әдемі деген жерлерінде суретке түсіп, тегін дейтін дүниенің басы-қасынан табылатын балмұздақтық шақтар-ай! Осындай қызықты сәттерді өткізіп, екінші курсқа да аяқ бастық.Әсем қала жастарды өзінің әсемділігімен, сұлулығымен,студенттік өмірдің қызығымен бауырына тарта түсті. Бірінші курстағы дағды кішігірім ғана өзгермесе, қалғаны сол қалпы. Жұмысқа баратындардың ғана қатары көбейген. Сол баяғы сабақ айтушылар, сол баяғы сабаққа кешігушілер, сол баяғы түсініксіз не үшін жүргені белгісіз жандар. Иә, негізі студенттік өмірді қызықты ету де, уақытыңды бос кетірмей оқып, жан-жақты дамуың да барлығы өз қолыңда.


Дана Жобалаева


60 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page