top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Тасада қалған түйіткілді мәселелер


Адам қоғамды құрайды. Қоғамдағы қай жағдай болмасын ақпарат, қауесет түрінде де адамдар арасында тез тарайды. Тіпті, жаңалықтар жаршысы журналистер де бұл жылдамдықтың шаңына ілесе алмай қалып жатады. Алайда, осы тұста ашындыратын нәрсе де табылады. Көз көріп, құлақ естіп отырған сәтте, аяқсыз қалатын, көптің көзінен таса қалып жатқан жайттар аз емес. Саясат па, әлде, "демократия" ұғымының тек Ата Заңда көрініс тапқанынан ба көп жағдайлар болған жерінен аса алмай қалып жатады. Экологиялық апаттар, елдегі саяси, әлеуметтік проблемалар, тағысын тағы. Айта берсең ауыз тола, денең мұздап, ойыңды түрлі сұрақ қаптайды. Дегенмен сұрақ көп, жауап жоқ. 

Осы тұста қазақ журналистикасының тағы бір ойсырап тұрған жері- біржақтылық жиі байқалады. Еліміздің жағдайын, билік басындағылардың қызметін мақтайтын болсақ ешқандай кемшілік көрмей, мадақтап, бір жаңалықты барлық арнадан тамашалаймыз, ал экологиялық басқа да проблемалар тасада қалып жатады. Осы тұрғыда экологиялық проблеманың да алдын алу мақсатында бағдарламалар жасау да артық етпесі анық.

Қорыта келгенде, Қазақстандағы БАҚ- тың ауқымды дүниелерді қозғап, көптің назарын аудартып, ақпарат кеңістігіндегі халықтың сауаттылығын арттыруы керек деп ойлаймын.


Дина Максотова

6 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentários


Пост: Blog2_Post
bottom of page