top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Тұран тұғырынан көрінгендер

ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында жоғарғы оқу орындарының деңгейіне түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші әсер етеді деп атап өткен болатын. Осы тұста өзім білім алып жатқан білім ордасы тұғырлы Тұран Университетінің түлектері кімдер, қай салада қызмет етуде деген сұрақтар туындайды. Қазіргі таңда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өз қызметін бастаған оқу ордасының түлектері еліміздің әр түрлі саласында еңбек етіп жүр. Түлектердің бірқатарымен танысып өтелік.

Университеттің алғашқы бітірушілерінің бірі 1999 жылы экономика мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы "ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар" министрі қызметін атқаруда қызметін атқаруда. Айта кететін жайт, бұл министрлік өз жұмысын Қ.К.Тоқаевтың бұйрығымен 2019 жылы бастады.

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы оқу ордасын 2001 жылы заңгер мамандығы бойынша бітіріп, көп жылдар бойы кәсіпкерлікпен айналысып, бүгінде Ақмола облысының әкімі лауазымыда қызмет атқарады.

Мемлекеттік қызметпен қатар кәсіпкерлік пен өнер саласында да өз орнын тапқан жандардың арасында Тұран түлектері де бар. Көрермен көзайымына айналған «Той Думан» арнасы, «Love Radio Kazakhstan», «Gakku FM» радио станцияларынан құралған «Musan Group» медиа-компаниясының негізін салушы Санжар Мұстафин жоғарғы білімді Тұран Университетінің қабырғасында алған. Кенже Жұманұлы мен «Хабар агенттігінің» техникалық директоры Асем Тулентаева журналистика саласында қызмет етуде. Университет ұйымы өз студенттерімен байланысты үзбеу мақсатында «Тұран – Зерде» түлектер бірлестігін құрған.

Бұл түлектер өз мансабының биігіне жеткен жандардың алғашқысы да, соңғысы да емес. 29 жылдық тәжірибесінде студенттерге білім беріп, өз ісінің хас мамандарын тәрбиелеуде, оқу мен тәжірибені қатар алуға мүмкіндік беретін білім ордасынан қанат қаққан Тұран тарландарының алар асулары алда.


Журналистика, 3-курс

Айым ЕРКІНБЕКҚЫЗЫ

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page