top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Тұран университетінде инновациялық жаңа кітапхананың ашылу салтанаты өтті

2021 жылдың 12 сәуірінде "Тұран" университетінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Ғылым қызметкерлерінің күніне орай заман талаптарына сай жаңа кітапхананың ашылу салтанаты өтті.


Ашылу салтанатына "Тұран" университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы және Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Канкуров Станислав Владимирович қатысты. Университетіміздің кітапханасы 700 000 данадан астам, соның ішінде 57 000 мыңнан астам электронды бай әмбебап қорға ие және оның жинақталуы университеттің оқу және ғылыми мүдделеріне бағынады. Барлық басылымдар бірнеше тілде ұсынылған: қазақ, орыс және шет тілдерінде (ағылшын, неміс, француз, қытай және түрік) әдебиет қоры бар.Кітапхана өз оқырмандарына арнайы әзірлеген заманауи электрондық кітапхананы ұсынады. Бүгінгі таңда электронды кітапханада тіркелген пайдаланушылар саны 11,5 мыңнан асты. Онлайн режимінде оқуға болатын электронды басылымдар бар. Әдебиеттен басқа университет оқытушыларының бейне дәрістері де бар.Әдебиеттерді таңдап, библиографиялық анықтаманы үйден шықпай-ақ, Электронды кітапханадан алуға болады. Кітапханадан оқырмандар барлық пәндер бойынша оқу әдебиеттерін таба алады. Бүгінгі таңда университет кітапханасы 14 отандық және халықаралық электронды ресурстарға еркін қол жеткізіп отыр. Ноутбуктер тұрақты компьютерлерге ауыстырылды, бұл желілік байланыс арқылы ғаламтор жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Студенттер жиындар өткізіп, оқыған әдебиеттерін талқылай алатын бөлме пайда болды. Кітапхананың жалпы аумағы екі еседен астам ұлғайды. Кітапхана өзінің көрнекі бейнесін толығымен өзгертті және білімге құштар студенттерді қабылдауға дайын.


Журналистика, 3-курс

Бинұр АХАТҚЫЗЫ

7 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Kommentare


Пост: Blog2_Post
bottom of page