Тыныш өмір, еркіндік, бейғам көңіл. Бұл тәуелсіз заман. Осы тәуелсіздік бізге оңай келмегені анық. Сұрапыл соғыс, елдер арасындағы кейкілжің, кінәсіз халықты біраз әбігерге салды. Бір соғыстан кейін енді есін жиған халыққа, ұмыттырмай сағындыңба дегендей екінші соғыс тап келеді. Тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп, батыр азаматтарды дүниеге әкелген ана жүректері елжіреп, « отан үшін отқа түс күймейсің, алға ұлым» деп перзенттеріне демеу болп, соғыс майданына талай ана ұл, қызын аттандырған. Бұлда ерлікпен пара – пар тірлік. Еске алсақ жүрегің ауырады, жасыратыны жоқ, ұлтарақтай жер үшін тау қопарардай күшімен, ібілістің өзін қашыратын ұлы рухты мінезі бар батыр ұл, қыздарымыз, ұлт зиялылары, жазушы, ақындарымыз қыршын кетті. Ұлт – азаттық көтеріліс, бірінші дүниежүзілік соғыс, Ұлы – отан соғысы, желтоқсан көтерілісі осы қиындықтардың бәрі көптен күткен, асыл арман – тәуелсіздікке қолжеткізу жолында көпір болды.
Дәл қазыргі таңда тәуелсіз елміз. Бұл тұғыры биік тәуелсіздік елімізге байлық, шапағат, ынтымақ, бірлік әкелді. Өз жеріміз, өз туымыз, өз ән ұранымыз бар. Осы жағдай ата – бабаларымыздың көптен күтіп, Алладан сұраған тілегі мен арманы еді. Ұлтарақтай жер үшін шығарда жаны бөлек, шыбын жанын шүберекке түйіп майданда қасық қаны қалғанша соғысқан батырларымыз тарихта өшпес із қалдырып, жүрегіміздің төрінен орын алды. Батырларымыздың ерлігінен, ұлт зиялыларының тәуекелінен, ақын, жазышыларымыздың өлеңдерінен, әнші, күйшілеріміздің жырлары мен әсем әуендерінен елге деген өшпес махаббатты, нағыз патриоттық алауды айқын көре аламыз. Дәл сол ел азаматтары мен азаматшалары бізге үлгі өнеге.
Қазақтың еркіндігі маңдайға біткен бағы. Сол еркіндікке қол жеткізіп аяқтан нық тұрған шақта, ХХІ ғасырда, тәуелсіз заманда дүниеге келдім. Ес білгелі сұрапыл заманды, майданды көрген ата – бабаларымды пір тұтып келемін. Олардың ғұмырының ауырлығы біздің ғұмырымыздың шаттыққа толы болуы, дәл бір тамыры терең ағаштың жайқалып өсуі сияқты. Ағаштың тамыры қаншалықты терең, берік болса соғұрлым жайқала, көркие түседі. Сол сияқты біздің үлгі тұтар пірлеріміз ынтымақ пен береке, бірлік және мәдиниеттің басын теңдей ұстаған. Ертеде қызын қырық үйден тыйып, ұлын ер жүрек етіп тәрбиелеген. Соның арқасында Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлындай ел басы дүниеге келіп тәрбиелі, ақылды азамат болып өсіп, бүгінде білдей бір ел басы болып отыр. Ел басымыздың арқасында тегін білім алып, ұл, қызы теңдей оқуға құқылы болды. Мемлекеттік Конституциямыз қабылданып, әділетсіздікке жол жабылды. Дініміз дүрмәлама дінен арылып, діни бағытымызбен, нақтты мақсатымыз айқындала түсті. Елімізде заманауи ақылды қалалар бой көтеріп, технология даму үстінде. Оған дәлел 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып жарияланды. Өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып, 1995 жылы 30 тамызда Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасы – егемендік ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, ал 1992 жылдың 2 наурызында біріккен Ұлттар Ұйымына, оның арнаулы маманданған мекемелері – ЮНЕСКО, МАГАТЕ, ДДҰ, одан кейінгі халықаралық Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы еліміздің әлемдегі орнын айшықтай түсті. ХXI ғасыр компютер, интернет, технология дәуірі бізге де келіп жетті. Адамдар қатардан қалмауы үшін, осы технологиянын бәрін меңгеріп, қолданып жүр, пайдасыда біршама. Тәуелсіз, дербес ел болғалы бері үлкен – үлкен белестерді бағындырып келеміз. Қазақстан жер көлемімен тоғызыншы орынды иеленеді және сол жерімен мақтана аларлықтай пайдалы қазба, байлықтарымыз жетіп артылады. Мысалы: Менделив кестесіндегі элементтердің жүз оны біздің ұлтарақтай жерімізде кеңінен таралған. Мұнай, метал, көмір, уран, ауыр, жеңіл өнер кәсібтермен Азия жерінде жетекші елдер қатарына кіреді. Оған қоса 2017 жылы Қазақ елі үшін айтулы жыл болды. Бұл оқиға әлемді дүр сілкіндірді. Қазақстанда ЭКСПО көрмесі өтті. Осы айрықша жағдай көптің есінде қалып, қазақ жерінің абыройын тағы бір мәрте өсірді.
Осы өмірде әрбір адамның үлгі тұтар пірі болады. Сол пірлері ұлт жанашырлары, ел қаһармандары болса, ешбір ұрпақ жаман адам болмайды. Олар өз білген, түйгенін, өмірден алған сабағымен тәжірбиесін ұрпаққа сый қылып, аманат етіп кетті. Енді біздің бастты мақсатымыз отанды сүйю, сыйлау және оны өзіміздің артымыздан бой түзеп келе жатқан бауырларымызға, өзінің жан ұясындай көруге сонымен қатар, біздің ауыз толтырып айтатын ақын Абай атамыздан, үш бәйтерек, бес арыссымыздан үлгі алуға үйрету. Бәріміз Алланың құлымыз. Хақ Тағаланың бүйрықтары құлына заң, пайғамбарлар бір Алланың бұйрығын ұрандатып дұрыс жолды бізге әлдеқашан көрсетіп кеткен. Мұсылман ретінде пайғамбарларымыздың, батыр - бабаларымыздың нұсқауымен лайықты өмір сүрсек, Құдайдың мейрімі мен назарынан шет қалмаймыз. Екі дүниенің бақытына кенеліп, мәңгілік ел атануымыздың күні алыс емес!
Еркіндікті ансап кеткен, ансап кеткен батыр – бабам,
Егемендік туын тігіп, қыршын кеткен ата – бабам.
Қазақпын деп ұрандатып, жырға қосқан әнші – күйші,
«Тәуелсіздік тұғыры биік» туын тіккен Рахымжан ағам.
Хайдарова Сара Есмағамбетқызы
Comments