Бұрынғы АҚШ - тың арнайы қызметкері Эдвард Сноуден Риа Новостиге берген сұқбатында, өзінің АҚШ-қа оралуға дайын екендігін жеткізді. Егер Америка Құрама Штатында оның ісі әділ және объективті қаралатынына кепілдік берілсе, ол сот алдында тұруға дайын екен. Және де АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) бұрынғы қызметкері қазылар алқасына журналистерге неліктен құпия ақпаратты бергенін айта алатындығын ескертті. Сонымен қатар, әділ қазылар алқасы оның дұрыс жұмыс жасағанын бағалау үшін жариялаған құпия материалдарын тексеруден өткізеді. Бұл туралы Сноуден: «Егер қазылар алқасы бұл ақпаратты жария етудің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін бағалай алмаса, ақпаратты ашу үшін әділ сот ісін жүргізуде мүмкін емес», - деп айтты. Оған қоса ол Ресейді амалсыздан паналағанын жеткізді. Эдвард Польша мен Германияны қосқанда 27 елден баспана сұраған. Алайда көбі АҚШ- тан қорыққан екен... Оның айтуынша, ресейлік барлау қызметі оған ынтымақтастық ұсынған, бірақ ол одан бас тартқан. Ал, ресейлік барлау қызметі оған ынтымақтастық қарым-қатынаста болып, ұсыныс тастаған екен. Дегенмен одан Сноуден бас тартқан. Себебі ол болашақта өзін не күтіп тұрғанын білмеген. Сол себепті құпия материалдарды толығымен жойып жіберген. Әрине, журналистерге ол ақпараттарды бергеннен кейін осындай іс-әрекетке барған.
Егер ол ресейлік барлау қызметімен бірігіп жұмыс жасаса, әуежайда 40 күн өткізудің орнына «бірінші күні лимузин айдап, сарайда тұрар едім» деп жауап берді. Мүмкін оның құрметіне шерулер Қызыл алаңда өткізілер еді.
2013 жылы маусымда Эдвард Сноуден Вашингтон Пост және Guardian газеттеріне АҚШ барлау бағдарламалары туралы құпия материалдарды тапсырды. Осыдан кейін ол Гонконгқа, кейін Мәскеуге ұшып кетті. Эдвард Ресейде жерде Шереметьево әуежайының транзиттік аймағында болды біраз уақыт болды.
Ресей Сноуденді АҚШ-қа қарсы әрекетін тоқтатқаны үшін бір жылға уақытша баспана берді. Ал, 2014 жылғы тамызда ол Ресейде ғана емес, сонымен қатар шетелде де саяхаттауға мүмкіндік беретін үш жылдық рұқсат алды. Одан кейін яғни 2017 жылдың қаңтарында Сноуденге 2020 жылға дейін Ресейде тұруына мүмкіндік берілді.
Гүлмира ҚОШАЕВА
"Тұран" университеті, 3-курс студенті
コメント