Эстонияның такси қызметі қазақстандық нарыққа шығады
- TURAN UNIVERSITY

- 1 окт. 2019 г.
- 2 мин. чтения

Forbes.kz компаниясы баспасөз қызметінің xабарлауы бойынша "Estonioan Bolt" такси қызметі (бұрынғы Taxity) Қазақстан нарығына осы жылдан бастап енеді екен. Қазіргі уақытта Bolt Нұр-Сұлтанның тұтынушыларына қолдау көрсету үшін мамандар жинауда.
Ал Bolt компаниясының кеңсесі : «Біз Қазақстанда ашу мүмкіндігін зерттеудеміз және рекрутинг жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Дегенмен, біз Қазақстан нарығына шығудағы уақытымызды айта алмаймыз»- деп жауап берген болатын. Алайда, компания осы жылдың жаз айларынан бастап, ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында онлайн такси қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.
Эстонияның өкілдері бір жыл бұрын Орталық Азия нарығына қызығушылық танытқан еді. Өңірлік даму жөніндегі менеджер Евгений Белоусов Әзірбайжан Trend ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында: «Taxify Орталық Азияны өте қызықты аймақ деп санайды»-деп атап өткен болатын.
Такси қызметі өз жұмысын 2013 жылы бастаған екен. Бұл бастаманы алғаш көтерген Маркус Вильгик есімді азамат. Ол студент кезінде-ақ Таллин мен Ригадағы барлық таксилер компанияларын біріктіру туралы шешім қабылдаған. Осы жобаны іске асыру үшін венчурлық компанияның 100 мың долларлық инвестициясы мен Эстонияның кәсіпорын қорының 5 мың еуро грант есебі жұмсалған. 2017 жылы қытайлық "Didi Chuxing Taxify" такси қызметінің (13%) үлесін сатып алды. Осылайша Қытайдағы 400 миллионнан астам тұтынушыға көлік қызметін көрсететін такси нарығындағы ірі ғаламдық ойыншылардың біріне айналды. 2019 жылдың наурыз айында Taxify компанияға жаңа атау берді. Яғни Bolt — ағылшын тілінде жарықтандыруды білдіреді. Bolt қаржылық нәтижелерді жария етпейтін қоғамдық емес компания болып саналады. Тек 2018 жылғы клиенттерінің жол жүру құны 1 миллиард евродан асқаны ғана белгілі. Өз деректеріне сәйкес, әлемнің 30-дан астам елінде 25 миллионнан астам жолаушы қазір Bolt қызметтерін пайдаланады.
Компанияның негізін қалаушы Маркус Вильт 2018 жылы «Технология» санатындағы «30 жас 30 жыл» деп аталатын "Forbes" журналындағы ең ықпалды адамдар рейтингіне енген. Жыл сайын рейтингтік құрастырушылар мыңдаған номинанттарды — стартап-компаниялардың, корпорациялардың, венчурлық капитал өкілдерінің және киберқауіпсіздіктің қызметкерлерін қарап шығады.
Жалпы "Bolt" қызметі Қазақстан нарығына кірген алғашқы халықаралық такси қызметі емес. Оған дейін де бізге "Uber" және "Яндекс" секілді қызметтер келген еді. Нақтырақ тоқталар болсақ, такси 2016 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істей бастады. Бір жылдан кейін, 2017 жылы Яндекс пен Uber Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия және Грузияда онлайн-туристік бизнесін біріктіріп, жаңа компания құрды. 2017 жылдың соңында барлық рұқсат қағаздарын алған еді. Мұның барлығы жақсы-ақ. Бірақ, осы елде өмір сүріп жатқан соң, ел нарығына біз де үлес қосуымыз шарт.
Ақтолқын УТЕНОВА




Комментарии