Бүгін ұстазым Алма Алиевнаның нұсқауымен Фактчек.кз жобасының жетекшісі Думан Смақовпен кездестім. Кездесу барысында қойылған сұрақтарды саралай отырып университет қабырғасында оқып жүрген журналистика пәндеріне шолу деп түсіндім. Сабақ барысында пәндік тақырыптарда берілген тапсырма жауабын онлайн күйде шұбыртып айта беру әр студентке қалыпты жағдайға айналды. Біз адами құқықтарды толыққанды білеміз бе? Біз журналист жауапкершілігін толық сезінеміз бе? Біз болашақ маман ретінде жұмысымызға қатысты сыртқы қысымға дайынбыз ба?
Әрине «мен» деп жауап бере салу әрбір адамның қолында. Ендігі мәселе алған білім журналистік шеберлігіміз арқылы «біз» дегенге жауап беру. Біз, яғни журналистер қоғамы. Фактчек - жалғыз адамның немесе жалғыз бір ғана журналистің ақпарат таратудағы шеберлігі емес. Фактчек- журналистер арасындағы тәжірибе алмасу деп түсіндім. Расында болашақта екінің бірі ақпарат таратушы болған жағдайда ақпараттың рас өтірігін кім тексермек. Яғни қоғамдағы манипуляция мен арандатушылыққа қарсы күресті кімдер жүргізбек. Әрине білікті фактчек мамандары. Ақпарат көзімен толыққанды жұмыс жасағысы келетін болашақ журналист сіз болсаңыз танысып қойыңыз Фактчек.кз жобасы.
Фактчек жобасының негізгі міндеті – ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың, әлеуметтік желідегі жазбалардың және ел алдында жүрген тұлғалардың мәлімдемелерінің рас-өтірігін тексеру. Толығырақ-https://factcheck.kz/kaz/biz-turaly/.
Елімізде таралып жатқан ақпраттардың қаншалықты ақиқатқа жанасатын, қаншалықты фейкке жол беретінін зерттеп білу арқылы, қазіргі және болашақтағы БАҚ өкілдерінің жұмысын әрі қарай халықаралық деңгейде дамуына үлес қоса аламыз. Қазіргі қоғамның ертенгі тарихы бүгінгі жаңалықтар арқылы әлемдік тарих арнасына таңба болып қалатындығы сөзсіз. Сондықтан тарихымыздың тазалығы журналист жұмысының әділдігі мен ақиқатты халқына жеткізуден бастау алады.
Журналистика, 3 курс
Мадияр БАБАХАН
Commentaires