top of page

Қайыр сұрау кәсіп пе, әлде күнкөріс пе?

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 19 нояб. 2019 г.
  • 2 мин. чтения


Қайыр сұрау кәсіп пе, күнкөріс пе? Қол жаятындарды еліміздің кез-келген қалаларынан кездестіруге болады. Әрине, ондай жандардың тағдыры әртүрлі, әрқилы. Олардың кейбіреуінің он екі мүшесі сау болса, енді бірінің аяқ-қолы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, еңбек етіп, жан бағуға қауқары жетпейді. Амалсыздан қол жайып, тиын-тебен сұрауға мәжбүр. Қайыр сұрау туралы дініміз не дейді? Оларды заң жүзінде қандай жауапкершілік күтіп тұр?

Бүгінде қол жаятындарды тек көшеде емес, қоғамдық көліктерде де байқауымызға болады. Үсті- басы кір қожалақ, бес-алты жас шамасындағы баланың көлікке мініп, құранды зуылдата оқығанын көріп ешкім таңқалмайды да. Көліктегі адамдардан тиын-тебен жинап, кез-келген жерден түсіп, келесі көлікке мініп, өз жұмысын жалғастырады. Бұл қаншалықты дұрыс? Әлгіндей балалар үшін қайыр сұрау кәсіпке айналып кеткен десек те болады. Қоғамдық көлікке кіріп, құран оқи жөнелетін қайыршылардың іс- әрекеті дұрыс емес. Тазалығы жоқ, дұрыс оқылмаған құран үшін қайыр-садаққа берудің еш қажеті жоқ. Себебі оқыған құранын зер салып тыңдасаңыз, өте көп қате табуға болады.

Дінімізде қайыр сұрау үш кісіге ғана рұқсат етілген:

1) Әбден кедейліктің қамын киген адамға;

2) Өлтірілген адамның құнын өтеушіге;

3) Жанды қинаған, ем қонбайтын ауруға душар болған адам өзінің қажетінше қайыр сұрауына болады.

Қайыршылықты күнкөріс көзіне айналдырған адам үлкен обалға қалады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қатаң ескертуі бар: «Кімде кім дүниесін көбейту мақсатында адамдардан мал-мұлік сұраса, ол адам тек өзіне жалындаған оттың бір бөлшегін сұраған болып шығады. Енді ол азын да, көбін де сұрай берсін».

Қайыр сұраушылар заң жүзінде де жауапкершілікке тартылады. Негізінен елімізде қайыр сұраушылардың 80% басқа мемлекеттен келген, азаматтығы жоқ тұлғалар.Бірақ нақты саны жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мұндай әрекеті үшін, алғаш рет 5 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салынады. Екінші рет, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Шет елдік азаматтығы жоқ тұлғалар, 5 тәулікке дейін қамауға алынып, Қазақстан мемлекетінің шекарасынан шығарылады. Одан кейін, олар соттың шешімімен 5 жылға дейін Қазақстанға келе алмайды. Жеңіл ақша табу жолы деп ойлап жүргендер, бәрібір де өз істері үшін жауапкершілік көтермек. Жалғыз тілегіміз, барлық адамдар тіленшіліктің күнә екенін түсініп, еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғынса екен.


Аяулым Жұмабек

2-курс, журналистика

Тұран университеті

 
 
 

Comentários


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page