Мағынасыз аудармалар, әріптік қателер мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, жарнамадағы қателер азаяр емес.
Мәселен, орыстың "автозапчасти" сөзі автобөлшіқтер деп аударылғаны,дәл сондай кейбір сөздердің мүлдем қате аудармалары жиі кездеседі.
Кейбір кәсіпкерлер мемлекеттік тілдегі жарнамаға, әрі оның мазмұнына пысқырып та қарамайтын сияқты. Себебі, орыс тілінен сауатсыз аударылған жарнамалардың дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі.
Мысалы, кейбір жарнамаларда қазақ тілінің заңдылығы сақталмаған, кейбірінде грамматикалық қателер бар. Ал енді бірінде мәтін сөзбе-сөз аударылған. Оған қымсынып жатқан ешкім жоқ сияқты. Оны төмендегі суреттерден байқадық.
Кез келген нысанның маңдайша жазулары мен жарнама мәтіндерін мемлекеттік тілде жазу - ел заңын қурметтейтін әрбір қазақстандықтардың абзал шарты. Сауатымызды түзеп, тілімізді дамытуға атсалысу баршаға ортақ міндет екенін ұмытпайық.
Автор: Наргиз Бекен
Comentarios