top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ҚАРТЫ БАРДЫҢ-ҚАЗЫНАСЫ БАР


“Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмес” демекші, қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, сол кісілерден тəлім-тəрбие көріп, ақ батасын алып өскен жұрт. Қазіргі бейбіт өмірді, тыныштықты, нұрға толы күнді бізге тарту еткен осы данагөй қарттарымыз екені белгілі. Өткеннің айнасы, болашақтың бағдары бола білген ата-əжелерімізді қазір лайықты деңгейде бағалап жүрміз бе?

“Қарты бардың-қазынасы бар”деген сөздерді қазір жиі естиміз, бірақ бұл сөздің мағынасын түсінетіндер азайып бара жатқандай. Оған себеп,қарттарымызды лайықты деңгейде бағаламай жүргендігіміз. Мəселен, жастардың үлкенге сөз қайтаруы, қарттар үйінің көбеюі, базарда ескі заттар сатып отыратын, ол былай тұрсын, көшелердің əр бұрышында қол жайған қарияларымыздың сұм көрінісі бұған дəлел. Қоғамдық көліктерде қарт кісілерге орын бермей, қазір тіпті, олармен сөз таластырып тұратын жастарды да көріп жүрміз. Басқасы басқа, қазақ баласы екенін көргенде ішің ашитыны рас. Өзге тұрмақ, өз ата-əжелерінің мінезін көтере алмай қарттар үйіне өткізіп жатқан жандардың да көбейіп жатқанын жасыра алмаймыз. Көшеде үй-күйі жоқ, қол жайып, қайыр тілеп отырған ата-əжелерді көріп, " Балалары қайда?Не қарап жүр" деген сұрақ кез келгеннің ойына келеді. Шынымен, қариясын далада қаңғыртып, қайыр сұратқан жұрттың ертеңгі күні қандай болмақ? Ол үшін əр адам өзінен бастағаны дұрыс шығар. Себебі, əр біріміздің ата-əжеміз бар екені рас. Ал сол жандарға сіздің өзіңіз қаншалықты деңгейде көңіл бөлесіз? Сол туралы ойландыңыз ба? Біз көңіл бөлмек түгілі, оларды түсінбей, құбылмалы мінездеріне шыдамай, ренжітіп алып жатамыз. Бала кезімізде біздің еркелігімізді, бұзықтығымызды көре тұра, бетімізден қақпай өсірген қарияларымыздың бүгінде қарттық мінезін көтере алмау, оларды сыйламау біз үшін ұят қылық.«Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөзді де есте сақтағанымыз жөн.Бұл дегеніміз, әке-шешеңе қандай құрмет көрсетсең, ертең балаларың да саған сондай құрмет көрсетеді деген сөз. Құрметті ата-анамен қатар, барлық қарияларға көрсету парыз. Бұл біздің атадан қалған дәстүрді жалғастырғанымыз және өз адам­гершілігімізді бағалағанымыз болмақ.


Алматы қаласы, «Тұран» университеті, журналистика

мамандығының 3-курс студенті

Əмина ЕРТАЙ

3 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page