top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ҚОҒАМ ІНДЕТІ


Шылым шегушілер барлық жерде: подъездерде, автобустарда, көшеде. Неліктен шылым шекпейтіндер бұдан зардап шегуі керек? Бұл туралы қанша рет айтылды, бірақ шешілер емес.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Сіз темекі шегуге әуес жандардың спортпен айналысқанын көрдіңіз бе? Спорт алаңдарына келіп, шылым шегетіндер салауатты өмір салтын ұстанып жүргендерге күліп кетеді. Керісінше, "Қазіргі қоғамда темекі шекпесең, қатарға қосылмайсың, сені ешкім құрметтемейді" деп, саналарына құя бастайды. Қысқасы, түзу жолдан тайдыратын жандар көп. Мектеп жанынан өтіп бара жатып, жастары небәрі 12-13 шамалас бозбалалардың темекі ұстап тұрғанын көріп, жүрегім ауырады. Оларды қадағалап жатқан не ата-аналары, не мектеп ұстаздары жоқ. Кейбір мектептерде, тіпті жас оқытушылар, оқушылармен бірге, мектеп артында қосылып темекі тартып тұрады. Темекінің денсаулыққа зиян екендігін түсіндіретін ашық сабақтар да жылына 1-2 рет қана өткізіледі. Жасөспірімдердің зиян әдеттерден ада болу керектігін көбірек түсіндірсе екен. Мектепте арнайы тренингтер жиі өткізіліп, мектеп айналасын инспекторлар тексеріп, жіті қадағалап жүрсе, мүмкін бұл әдеттен құтылатын шығар.


Ақбота ҚОЖАЕВА

"Тұран" университеті, 3-курс студенті

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Commentaires


Пост: Blog2_Post
bottom of page