top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚОҒАМНЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒЫП ЖАТЫР МА?!


Қоғамдық көлік жайлы əңгімені бастап берсең, Алматы жұртшылығының айтар жыры біраз екенін байқайсыз. Күндіз жұмысқа немесе белгіленген орынға кешікпей аман-есен жетуді армандасаң, жұмыстан əлің бітіп шыққанда қайтадан сол көлік мəселесін ойлап, үйге жарым түн болмай жетсем екен деген оймен қайтасың. Шынымен таң атпай тұрып үйіңнен ерте шыққан күннің өзінде барар жеріңе кешігіп жетесің, оған себеп, қоғамдық көлікті бірнеше минут күтуің, онымен қоймай ол көліктің толып келіп тоқтамай кетуі немесе симай қалуың. Қайтарда да дəл осы жайт. Əрине, бір қарасаң сену қиын, дамыған елдің қатарына кірмекші болып отырған біздер, тіпті қала ішінде халықты барар жеріне уақытылы жеткізе алмай жатырмыз. Бұл тек басы ғана, көлікке қысылып кіргеннің өзінде, ішінде жүйкең жұқарып шығады. Қысылып, дем ала алмай, ауа жетпей əрең тұрғаныңызда, "Оңайды" басыңыз, жол ақысын төлеңіз деп жағаңыздан алып, басқаныңызша төбеңізден қарап тұратын жүргізушілерде кездеседі. Төлеуін төлеп, ыңғайланып тұруға қамданып жатқаныңда, тар жерге тамаша болып, Оңай тексерушілерлің кіретіні де бар. Əрине, олардыңда жұмысы, оларға да өкпе жоқ. Күні бойы кептелістен жүйкесі тозған жүргізуші де, əдейі істей ме, кім білсін, көлікті қалауынша жұлқып айдап, жолаушыларды сілкіп алып кетіп, əкеліп тастайды. Ал, сол тұста, оңтайлы сəтті пайдаланып бағалы заттыңызды жымқырып үлгеретін ұрыларға тіпті айтарға сөз бөлек. Жұмыстарынан шаршап, жүйкесі тозып шыққан жұрт та түртсең жұлып жеуге дайын тұрады. Кейде бір-бірімен, онымен қоймай, жүргізушімен айқайласып, жаға ұстасып жатады. Бұл көріністен кейін енді қоғамдық көлікпен жүрмеспін деп іштей ойлайсың, бірақ басқа амал бар ма, қайтадан сол көлікпен ертесі барар жеріңе барып қайтасың. Əрине, еститін құлақ болса бұл жайлы күнделікті айтылып та жатыр , жазылып та жатыр. Бұның себебін, қоғамдық көліктің аздынан, Алматы тұрғынының саны жылдап көбеюінен деп қана отыра беретіндейміз.


Әмина ЕРТАЙ

2 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page