top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ҚР ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ


ҚР үшін туризм саласының маңыздылығы жоғары. Бұл жайында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан-2030" бағдарламасында атап өткен. Туризм саласы елдің экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік - мәдени факторларына да ықпалын тигізеді. Негізінен туристік индустрия әлемдегі ең ірі және қарқынды дамып отырған салалардың бірі десек қателеспейміз. Осы индустрия арқылы қаншама мемлекет дамыған, бай елдердің қатарына қосылып отыр. Деректерге сүйенетін болсақ, дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ) 2014 жылғы туризмде шамамен 100,9 млн адам жұмыс істеуде, бұл ретте әлемдегі әрбір 11-інші жұмыс орны туризм саласында құрылады. Демек, әрбір елдің экономикалық саяси жүйесінде туризм саласының маңызы зор. Осыған орай, біздің мемлекетімізде "ҚР туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" 2017 жылдың 406 қаулысы бойынша қарастырылады. Бұған дейін де осындай туристік салаға байланысты әртүрлі бағдарламалар және тұжырымдамалар бекітіліп отырған. Алайда бұлардың бәрі сөз жүзінде ғана секілді, іс жүзінде орындалып жатқаны шамалы десек қателеспейміз.

Жалпы айтқанда табиғаты өте бай, асыл қазыналары, тау бөктері мен саржайлау далалары бар Қазақстан әлі күнге дейін өзіндік қонақжайлылығын көрсете алмағаны ма? Бұған басты себеп — мемлекеттің тыңғылықты түрде жұмыс атқармағаны немесе қаржы яғни бюджеттің аз көлемде бөлінуі. Туристік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік қолдауды талап етеді. Сонымен қатар, бұл әлемдегі дамыған елдердің экономикалық табыс көзі болып табылады. Осыны ескеріп, туристік салаға жеткілікті мөлшерде қаржы бөлініп, қолға алынса біздің мемлекетімізде дамудың жаңа сатысы, мәдениетіміз бен тілімізді және қонақжайлылықты насихаттауға мүмкіндік туар еді. Ал қазіргі таңда елімізде туристердің назарын өзіне аударған қалалар Алматы, Астана, Көкшетау, Түркістан және Ақтау. Туристердің келу үрдісін арттыру үшін ең алдымен бағаларды өзгерту қажет, жәй ғана Бурабайда демалу әрбір адамның қалтасын көтере бермейтін баға, қонақ үйлер, тамақтану және көлік жүйесі қолжетімді бағада болуы тиіс. Сервистік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту керек және де курорттық демалыс орындарын көбейту. Айта кететін тағы бір жайт — бұл туристік агенттіктердің жұмысына көңіл бөлу, олардың басты жұмысы қазақстандықтарды шет елдерге жіберетінін де, керісінше отандық туризмді жарнамалау арқылы шет елдік тұрғындарға елімізді таныстыру қажет. Дүние жүзінде туризм кіріс пен табыс бойынша үшінші орында тұр. Сондықтан да мемлекет дамуы үшін ішкі және сыртқы экономиканың көзі ретінде туризм таптырмас сала. Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен шүғылданады. Осыған қарамастан, Қазақстан туризмі бүгінде жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карастырылмайды.


Мунира АМИРОВА

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page