top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУДЫҢ АҚЫРЫ


Бала күнімнен, Жанерке есімді жаны жайсаң, айналасына нұр шашып жүретін ерекше қызды танитынмын. Әкесі жол апатынан қайтыс болып, ерте есейді. Қамқорлығында 4 бауыры және анасы бар. Өзі нәбәрі 10-шы сынып оқушысы, жасы 17-де. Күні-түні даяшылық қызмет атқарып, үйге шаршаңқы қалыппен оралатын. Көзіндегі жастық оты біртіндеп сөнуге таяғандай, оқу үлгерімі де төмендеп кетті. Арада 1 жыл өтті, халық арасында "Ұлттық бір күндік төңкеріліс" деп аталатын ҰБТ күні де жақындады. Ал Жанерке, жұмыс жасауын жалғастыра берді, дайындыққа уақыты қайдан болсын? Көптен күткен жауапты күн, 75 баллды еншіледі. Үміт оты сөнгендей, еш ойланбастан Алматыға аттанып кете барды. Бауырлары мен анасын: "Үлкен шаhарға барып жұмыс жасаймын, оқу оқимын" - деп көндіргендей болды. Аңғал қыз, тағдырының осы қалада тас-талқан боларын сезген де жоқ.

Төмен бағада пәтер жалдап, тойханаларды жұмыс іздеп шарлады, таба алмады. Кенеттен, Руслан есімді бір жігіт алдынан шығып, өзінің әкімгер(администратор) екендігін айтып, таныса жөнелді. Жанерке, ақкөңіл еді, өзі жайлы мәліметтің бәрін жәйіп салды. Русланның көңіл-күйі көтеріліп, қыздың жұмысқа қабылданғанын айтты. Бір мекенжайды беріп, келесі күні сол жерде жұмыс жасауға мүмкіндік болатынына сендірді. Белгіленген орынға Жанерке өз уақытында жетті, жарты сағат өткен соң еңгезердей 3 жігіт келіп Жанеркені алып қашып кете барды. Алып қашқан Руслан, жасы 28-де. Жанерке көзін ашса, басында ақ орамал, шалғай ауыл. Өкіріп,өксіді. Анасына хабарласуға дәті жетпеді. Себебі, Руслан барынша қорқытқан болатын, Жанерке де іштей жалғыз қорғанышы әкесінің жоқтығын еске түсіріп, налыды. Анасына хабарласып, көнгенін, өз еркімен келгенін айтты. Азапты күндер басталды, ұрыс-керіс, күнделікті жанжал, Жанеркеге бағытталған сансыз соққылар. Руслан ішімдік ішуге бейім жігіт, бар өшін қыздан алуды әдетке айналдырды. Жанерке қашып кете алмады, өз ауылына оралса "қара бет" болатынын жақсы түсінетін. 9 айдан соң, ұл бала дүниеге келді. Ал Руслан болса, Жанеркені күніне 2 рет тоқпақтай жөнелетін, 1 жылдан соң 2-ші перзент қыз бала туылды. Бәріне көнді, балаларым үшін деп өзін жұбатты. Руслан сауық-сайран құрып, отбасын қарызға белшеден батырды. Қыстың аязды күндері есікті жауып алып, Жанерке мен балаларын жалаң аяқ далада қалдыратын. Оған дейін де, жылы киім бермей, қызды әбден қинайтын. Жанеркенің жөтелі жиілеп кетті. Дене қызуы да бар, жәй "тұмау" шығар деп мән бермеді. Бір күні қатты ауырғанын айтып, Русланнан ауруханаға жіберуін өтінді. Әрине, Руслан жібермеді. Төсекке таңылып, орнынан тұра алмай қалды, 2 баласы аш. Оны аңғаратын әкелері емес. Арада 26 күн өткен соң, Жанерке қайтыс болды. Сондағысы, "Туберкулезбен" ауырған екен. Егер Руслан сол күні алып қашпағанда, Жанеркенің тағдыры мүлде басқа арнада болар ма еді? Танысып, білісіп, сүйіп қосылғанда осыншалықты қорлықты көрсетпес пе еді? Үзілген үміттер мен қыршынынан қиылған жас қыз, жетім қалған 2 баласы. Бұл трагедиялы оқиға нүктесі.


Саяна СЕЙТҚОЖА

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page