top of page

ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚҰРСАУЫНДАҒЫ ҚОҒАМ

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 26 сент. 2019 г.
  • 2 мин. чтения

ree

Сөзімді Абай атамыздың «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» – нақылымен бастадым. Алғы сөзде аңғарып тұрғанымыздай, Абай атамыз 1 ғасыр бұрын ойынның өз бағасын нақтылап берген. Айтқым келгені, бүгінгі қоғам, әсіресе жастардың көпшілігі құрдымға жіберетін құмар ойындарға құмартып жүр…Енді, білек сыбана кіріссек. Бұл бәс тігу ме? Әлде, бас тігу ме?

Ойынқұмарларымыз тайраңдап жүргенде, отбасылардың ойрандалып жатқандығы баршамызға аян. Жаңбырдан соң қаптаған саңырауқұлақтай құмар ойындардың тозағы соңғы 10-жылдықта рекордтық деңгейге жеткен. Бағытына қарай топшылап көрсек, букмекерлік кеңсе деп жүргеніміз бастамасы ғана. Одан бөлек лоторея, карта, казино орталықтарының зияны шаш етектен төгіліп тұр. Біршама жылдар бұрын Мәжіліс депутаттары « Ойын бизнесі туралы заңда » букмекерлік кеңселер мен карта, лоторея орталықтарының санын азайтып, казино Қазақстанның Қапшағай қаласы мен Бурабай аймағында ғана орналасу керектігі туралы заң қабылдаған болатын. Айтып – айтпай не керек, бұл заңның өз деңгейінде сақталмай жүргендігі айдан анық.Құмар ойын орталығына кіру немесе ойнау 21 жастан жоғары деп көрсетілгенімен, ішінен 16-20 жас аралығындағы жас-жеткіншектерді кездестіруге болады. Себебі, ешбір ойынханаларда күнделікті тексерістер қарастырылмаған. Одан қалса, көп ойын залдарында ойын автоматтары мен терминалдар, көптеп орналастырылып, online жүйесінде ойнау да қарастырылған. Ал, жасырын түрде ойнап жүрген балалардың ұтыс алуы ешқандай қиындық тудырмайды. Балғын балалар мен жастар еліміздің болашағы екендігін ойласақ, бұл – айықпас дертпен пара – пар. Ислам дінінде харам делінген құмар ойын орталықтарының құмырсқадай қаптауы көңіл қуантпайды. Шындығында, кез-келген спорттық ойын – салауатты өмір салтын насихаттайды. Ал, оның виртуалды түрін санаға сіңіру, бәс тігіп байып кетем деу – санасыздықтың шыңырауы екендігі көзі ашық, көкірегі ояу адамға белгілі. Медицина мамандарының айтуынша : ойынқұмарлық – нашақорлық пен алкологольге тәуелділіктен де зиянды. Ойынқұмар адамның жеңіліске ұшыраған сайын депрессияға ұшырап, нерв жүйесіне айтарлықтай зақым келетіндігіне көз жеткізген. Психологтар ойынқұмарлық дертінен арылу үшін ортаны өзгерту, жақындарымен жылы қарым – қатынас, еңбек пен спортқа ұмтылыс, өзіндік мотивациясы шешуші рөл атқарады,- деп түйіндейді. Демек, ойынға берілгендердің өздерін жаман адам ретінде санауы қате ұғым.Әр адам өз өмірін жақсы арнаға бұра алатындығы айқын. Құмар ойындарынан ада болуға тырыссаңыз, нұр үстіне нұр...


Асель ЕРТАЙҚЫЗЫ

 
 
 

Комментарии


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page