top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ҚҰТЫДАҒЫ ТІРШІЛІК ИЕСІ


Шаңырақты шайқалтқан бедеулік,белсіздік проблемасы соңғы жылдары өрши түскендей.Табиғи жолмен дүниеге келген балалар санымен салыстырған кезде жасанды,яғни ЭҚҰ (ЭКО) әдісіне жүгіну арқылы туылған балалар саны әжептеуір өсіп келе жатқанын байқаймыз.

Статистикалық деректерге негізделетін болсақ,2010 жылдың өзінде-ақ 150 мыңға жуық ерлі-зайыпты перзентке зар болғандардың қатарында болған екен.Соларлың ішінен 6,5 мыңға жуығы жасанды,яғни экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКҰ) жолын қажет еткен екен. Ал бұл көрсеткіш жылдан жылға көбеймесе азайған емес.

Жасанды әдіске жүгінген отбасылар саны көп,олардың бәрі бірдей сәби сүю бақытына ие бола ма? «Жоқ.Барлығы бірдей емес.Бұл әдісті жасатқан жұптардан 30-40% нәтиже көреді»- дейді мамандар.Әрине,тіпті жай ғана қарапайым бес гүлді алып,жерге егіп қойсақ оның үшеуі немесе екеуі ғана өніп,гүл береді емес пе!? Сол сияқты,арнайы күтім ,мықты денсаулық болмаса «жасанды сәби» де өздігінен жетілмейді. Жалпы,ЭКҰ тәсілінің негізі 1975 жылы Кембридж университетінің зерттеушісі,дәрігер-гинеколог Роберт Эдвардспен салынды.Ал 1978 жылы Роберт Эдвардс пен Патрик Стептоудың бастауымен алғашқы «пробиркадағы сәби» дүниеге келді.Біздің елімізде бұл әдіс 1995 жылы ғалым,репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарованың бастау алды.Ең алғашқы нәтижесі көп күттірмей пайда болды.1996 жылы Қазақстанда ЭКҰ тәсілімен өмірге қыз бала келді. Бүгінгі күнде еліміз бойынша ЭҚҰ әдісін іске асыратын 20 орталық бар. Олардың ішінен 2 орталық мемлекеттік болса,қалғаны жекеменшікке тиесілі мекеме екен.Ал 10 орталық квота арқылы қабылдайтын болып табылады.Дегенмен мұндай квота бір жұпқа бір ретке ғана беріледі. ЭҚҰ-ата-ана болу бақытын сезінуге деген үлкен мүмкіндік.Дегенмен,табиғи жолмен перзент сүю теңдесі жоқ сезім.Сондықтан,ерте жастан денсаулыққа немқұрайды қарамай,бала-біздің,еліміздің,әлемнің болашағы екенін түсінуімізкерек.


Жанерке НУРҒАЛИ

"Тұран" университеті, 3-курс студенті.

10 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page