top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Ұлттың тілі-ұлт жаны

(Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы)


«Тіл-елдің еркіндігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш» деген Бауыржан Момышұлының керемет сөздері біздің бойымызды әрдайым жігерлендіріп тұратындай. Неге десек, біз тіліміздің биік шыңнан көріну үшін барлық күшімізді салудамыз. Өз тілімізбен мақтанатын дәрежедеміз. Яғни, бұған дәлел Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы мен Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» бағдарламасы жұмыс жасауда. Бұл бағдарламалардың орын алғаны біз үшін үлкен мәртебе болуы тиіс. Себебі, тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Сонау ата-бабамыздың қанымен дарыған бұл тіл кез-келген адам баласы үшін қымбат. «Тілсіз хайуан бейшара» дегендей өз тілін білмейтін, қадірлемейтін адам өзін-өзі танымайтын, мына өмірге деген нақты көзқарасы жоқ адам десек те қателеспейміз. Демек, Елбасының бұл тілді дамыту бағдарламасы әр адамды отансүйгіштікке, тілін қастерлеп, дәріптеуге баулиды. «Тіл туралы» Заңының өзінде біздің бүгініміз бен ертеңімізге бағыт берер көп нәрсе баршылық. Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының неліктен құрылғаны туралы кеңес жиындарының бірінде: «Ең алдымен бұл қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі, екіншіден, елде қоғамдық-саяси өмірге мемлекеттік тілдің әлі де болса баяулау енгізілуі. Үшіншіден, тіл мәдениетінің төмендеп бара жатқандығы, төртіншіден, шетел тілдерін меңгерудің баяулығы» - деген еді сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед. Яғни, бұл жолдағы мақсат тағы да былай түсіндірілді: «Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бағдарлама жобасы осы проблемаларды жүйелі түрде шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді бала бақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру». Расында да, тіл мәдениетіміздің төмендеуі барлығымызға айдан анық. Себебі, қазіргі таңда қай жерге барсаң да орыс тілінің орны бірден білінеді. Тіпті, соның салдарынан өз ана тілінде сөйлеуге намыстанатын адам дарымыз да көп десек қателеспейміз. Алайда бағдарлама аясында мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қойылып, жаппай мемлекеттік тілде оқу бағдарламалары әлі күнге дейін жұмыс жасауда. Мемлекет басшысының тіл саясатына жіті көңіл бөліп, оны дұрыс бағытқа қойып, тіпті қолдау тауып отырғаны тіл дамуына ықпалын тигізеді. Себебі, мемлекеттік тілді дамыту тақырыбы елбасының жыл сайынғы жолдауларында сөз етіледі. Соның нәтижесінде қазіргі таңда көптеген іс шаралар өз жұмысын белсенді жасауда. Тіпті, ғаламтор желісі төл тілімізді насихаттайтын «ұлт тілі», «тіл әлемі» сынды бірегей, әмбебап порталдармен толықты. «www.soyle.kz» — Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік тілді онлайн режимінде тегін оқытатын интернет-портал іске қосылды. Сонымен қоса, еліміз көпұлтты мемлекет болған соң, өзге ұлт өкілдері де біздің мемлекеттік тілді үйренуге кірісті. Еліміздің көп аумақтарында Республикалық кеңестер мен баспасөз конференциялары өтіп тілді дамыту аясында көптеген жұмыстар жасалуда. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - мемлекеттік тілді барлығына бірдей батыл қолданысқа енгізу болатын. Ұлт бірлігін нығайтып, еліміздің тіл дәрежесін көтере білуіне жол ашатын бірден бір бастама. Бұл бастама Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, кез келген жерде қазақ тілін нық дамыту арқылы, барлық қазақстандықтардың өмір қажеттілігіне айналдыру десек те болады. Ал сол тілді дамыту және насихаттау сіздің еншіңізде болуы тиіс.


Құралай ПАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

3 курс, «Тұран» университеті

2 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

コメント


Пост: Blog2_Post
bottom of page