top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Әйгілі бренд тариxы


Gucci – әлемге әйгілі итальян сән үйі және бренд. Әлем бойынша танымалдылығы мен сату көрсеткіштері бойынша LVMH компаниясынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Gucci сән үйі 1921 Италиядағы Флоренция қаласында Guccio Gucci (1881-1953) тарапынан құрылды. 1938 жылы компания сатылымдары көбейіп, өзінің Рим қаласындағы бутигін ашты.Ал, 1947 жылы Gucci — бауы бамбуктан жасалған сөмкелерді шығарып танылды. Осы сөмкелер қазіргі күнге дейін компанияның басты бренд өнімі ретінде әйгілі. Сонымен қатар компания берік жолақ маталар мен фирмалық күдері макасиналарды шығарады.

1953 жылы компанияның басшысы Гучионың өлімінен кейін, оның баласы Альдо Гуччи Лондон, Париж және Нью-Йорк қалаларында бутик ашып, компанияның әлемдік атаққа жетуіне үлкен үлес қосты. Негізінен мекеме құрылған сәттен Гучи отбасында әртүрлі кикілжіңдер туындаған еді. Ал компания қалаушысы Гучидің өлімінен соң, жанжалдар өрши түсті. Осылайша мұрагерлік құқық жайлы келіспеушіліктер туындады. Оған қарамастан 1960 жылдары Gucci компаниясы Қиыр Шығыс елдерінде: Гонконг, Токио және Кореяда бірнеше бутиктерін ашады. Осы жылдары компания өзінің фирмалық логотипін GG (Гуччо Гуччи) ойлап тауып, Голливуд актрисасы Грейс Келли таққан Flora атаулы жібек бөкебайын сатылымға шығарады. 1970 жылдары сәндік бұйымдар шығаратын әлем бойынша бірінші орындағы бренд болып танылғанымен, отбасы ішіндегі жанжалдар компанияның құлдырауына дейін алып келеді. Осы кезеңде компанияның 50% үлесі ағалы-інілі Альдо және Рудольф Гуччилердің қолында еді.

1979 ж Альдо Cucci Parfumes парфюм шығаратын бөлімдегі сауданы жақсарту үшін Cucci Accessories Collection аксессуарлар топтамасын шығарады. Бұл топтамаға косметика заттарын салатын сөмке, шақпақ, қалам сияқты кішкентай аксессуарлар кіріп, каталогтағы басқа да аксессуарларға қарағанда төмен бағасымен ерекшеленді. Альдо Гуччи компанияны кеңейту мақсатында жаңа жобалар дайындап, сән әлемінен басқа да нарықтарға аяқ басып, America Motors Corporation(AMC) компаниясымен келісімшарт жасайды. Осылайша 1972 «Sportabout» фургонымен жасақталған AMC Hornet автомобилі атақты дизайнердің көмегімен әшекейленген ең бірінші сәнді автомобиль болды. Gucci автомобилінің іш жағы жасыл, қызыл, сарғыш текстуралармен көмкеріліп, дизайнерлік эмблемалармен толықтырылды. Автомобиль түсі де арнайы түрде дизайнердің жеке таңдауы болды.

Gucci Accessories Collection топтамасындағы аксессуарлар Parfums аксессуарларына қарағанда сатылымы жоғары болып, осы жағдай Гуччи династиясының құлдырауына себепкер болды. 2001 жылы қыркүйек айында Gucci Group, LVMH және PPR компаниялары арасында келісім-шарт жасалады. Сол жылы Gucci компаниясы Bottega Venetta, Di Modolo, Balenciaga компанияларының акциясын иемденіп, Стелла Маккартнимен (Stella McCartney) әріптестік келіссөз жасайды. 2004 жылға дейін Факинетти компанияда екі маусым бойы әйел киімдерінің креативті басқарушы қызметінде жұмыс атқарды. Ал Рэй 2006 жылға дейін дейін үш жыл бойы ерлер киімдерінің креативті басқарушысы болды. 32 жастағы Джанини (бастапқыда ерлер және әйелдер аксессуарларының дайындалуына жауапты болған) қазіргі кезде бүкіл брендтің креативті басқарушысы қызметінде жұмыс атқаруда. 2006 жылы Джаннинидің көктемгі топтамасы ұзақ уақыттан кейін алғаш рет компания есімінің журналдың басты беттерінде жариялануына себепкер болды. Бұл жаңа топтама сән әлемінде ажиотаж тудырады. "Busines" журналының мәлімдемесіне сәйкес, 2008 жылы Gucci 2,2 миллиард еуро табыс тапқан және «Ең үздік әлемдік 100 бренд» тізімінде 46 орынды иеленген. Дүние жүзі бойынша 425 бутигі бар.


Ақтолқын УТЕНОВА

6 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentários


Пост: Blog2_Post
bottom of page