top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған!


Ана - әр баланың өміріндегі ең маңызды адам. Ана болу бақыт, ана болу мақтаныш. Құрсағындағы сәбиін 9 ай көтеріп дүниеге әкеледі. Ана әрқашан жақсы көреді, қамқор болады кез-келген сәтте қолдау көрсетеді. Сіз өмірге келген сәттен бастап, анаңыз сізге бар махаббатын береді. Сізді бар күшімен қорғап, жылы алақанымен ұстап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді.

Сізді алдымен ақ сүтімен, одан кейін ең пайдалы тағамдармен тамақтандырды. Сізге тек ең жақсысын берді.

Бала күніңізде құлап тізеңізді жырып алсаңыз, ең бірінші келіп анаңызға бар өкпеңізді айтатынсыз. Анаңыз болса құшақтап сізді жұбататын. Қазірде өсіп ер жетсек те, қандай мәселе туындамасын анамызбен ақылдасамыз. Қамқорлығымен қолдауын күтеміз.

Сіз сырқаттанып қалсаңыз ең бірінші анаңыздың жаны ауыратын, сіз тезірек жазылсын, сауықсын деп түн ұйқысын төрт бөлетін.

Өсе келе сізге жарық дүниенің сырын ашты. Сізге әлемді танытты. Сізбен бірге биледі, ән айтты тіпті сабақты да сізбен бірге қайтадан оқып шықты. Ана - өміріміздегі бірінші ұстаз!

Әрқашан сізді қолдады. Жеткен жетістіктеріңіз анаңыз үшін мақтаныш болды. Сізбен мақтанды. Бұның бәрі аналарымыздың арқасы!

Сіз бір жақа қыдырып кетсеңіз анаңыз сізді көз ілмей күтті. Аман-есен келгеніңізді құдайдан түнімен тілеп отырды.

Сіздің әрқашан сүйікті тағамыңызды дайындап, сіздің қуанышты, бақытты жүзіңізді көруді ғана қалады. Сол үшін сізге бар жақсылықты жасады. Барлық еркелігіңізді көтерді.

Аналарымыз бізді ойлағандай ешкім ойламайтын шығар. Анаңыз сізді еш себепсіз жақсы көреді. Осы өмірде бар болғаның үшін жақсы көреді. Әрдайым сіздің бақытты болуыңызды тіледі.

Анаңыз сіз үшін көп нәрсе жасады, әлі де қолынан келгенін жасауға дайын. Ал сізден бар болғаны оған жиі қоңырау шалып, жиі кездесіп, оны жақсы көретініңізді айту ғана қажет.

Ана болу – бұл...


Перизат АБДРАЛИНА,

Тұран университеті

Журналистика факультетінің 3 курс студенті.

10 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page