ӘЛЕМНІҢ САУАТТЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?
- TURAN UNIVERSITY

- 24 сент. 2019 г.
- 2 мин. чтения

Жастайымыздан қолымызға қаламмен дәптерге әріптер жазуға әуес болып, кітапты судыратып оқитындай сауатымызды ашқан болатынмыз. Бір нәрсені толығына дейін ұғыну біз үшін қызық дүние еді. Себебі, біздің ой-өрісіміздің дамуы содан басталды. Ал қазір, жаза да білеміз, оқи да аламыз, сауатты халықпыз. Жалпы, «сауаттылық» ұғымы адам баласының ақыл-ойының жүйелі түрде жұмыс жасап, таным деңгейінің кеңеюі деп түсінемін. Сондықтан да мына ғаламды жер басып жүрген жұмыр пенденің барлығы сауатты болуы тиіс. Өмір мен өзіңді тану үшін, тіпті ғылымды тану үшінде сауат ашу заңдылық. Ал, сіз әлемде сауатсыз адамдардың бар екенін білесіз бе? Алайда,әріп танымайтын сауатсыз адамдарды да кездестіруімізге болады екен. Әлемде 781 млн адам сауатсыз. Бұл шын мәнінде, қазіргі бас ауыртарлық мәселеге айналып барады. Тіпті жазу мен сызуды білмейтіндер мен оқи алмайтындардың да саны артты. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, америкалық сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, жер жүзіндегі халықтың қазіргі күнде 84 пайызы ғана сауатты көрінеді. Мұны санға шағар болсақ, әлемнің әр түкпіріндегі 781 миллион адам жазудан мүлде хабары жоқ. Жер шарының әрбір оныншы тұрғыны сауатсыз. АҚШ-тың «Глобалист» зерттеу орталығы бүгінде осындай алаңдатарлық дерек келтіріп отыр. Ең қиын жағдай, Орталық Африка мен Батыс Азия елдерінде орын алып отыр. Өйткені осы аймақта тұратын елдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жайы өте нашар. Соның салдарынан 597 миллион адам сауатсыз. Демек, сауатсыз халықтың 76 пайызы осы елдерге тиесілі десе де болады. Дегенмен, аталған аймақта жастардың білімге құлшынысы артып келеді. ЮНЕСКО-ның статистика институтының мәліметіне қарағанда, әлемде 15-24 жас аралығындағы жастардың сауаттылығы 90 пайызды құрап отыр екен. – Әрине, бұл көрсеткіш өте жоғары, алайда жер шарында сауатсыз күйінде қалып отырған, жазу-сызуды білмейтін, әріп танымайтын 126 миллион жас бар, –деген екен «Глобалист» зерттеу қорының мамандары. Міне, адамзат өркениетке қадам басқан сайын олардың жағдайы жақсарудың орнына күрделене түсе ме, қалай? «Адам болудан, сауатты болу оңай» демекші, әріп пен жазуды танып, өзің үшін өмір сүруге ұмтылғанға не жетсін?!
Құралай ЖАНДАРБЕКОВА
«Тұран» университеті, 3-курс студенті




Комментарии