top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА


Әлемде санасы, ойлау дәрежесі, өмір сүру дағдысы, сондай- ақ салт- дәстүрлері де өзгелерден өзгешеленетін ұлттар өте көп. Дүниежүзі бойынша өркениеті дамыған халықтармен қоса дамымаған, ескіліктен арылмаған тайпалар да жетерлік. Солардың ішінде қызық әрі қайталанбас дәстүрлерін осы күнге дейін ұстанатындары қаншама?! Қалай болса да ең ерекше деген бірнеше салтты назарларыңызға ұсына кетейік: • көңілсіз еске алулар: Үндістанда қасиетті ходжи Моинуддин Чиштиді еске алу кезінде мыңдаған факирлер мен паломдықтар Аджмера көшелері бойымен жүріп өтеді. Олар дінге қаншалықты берік екенін және қатты қайғыратынын көрсету үшін денелерін инемен шаншиды екен. Әсіресе танымал түрі көздерін үшкір темір заттармен шұқу болып табылады. Бұл дәстүрді олар көздерінен барынша көп жас шығару үшін жасайды екен. • дельфин өлімі Барлық жер бетінде адамдар дельфиндерге қызығып, өнерлерін тамашалағанды жөн көреді. Ал Фарер аралдарында дельфиндерге деген көзқарас мүлдем бөлек. Жергілікті жасөспірім ұл балаларды нағыз ер азаматқа айналдыру үшін өткізетін арнайы рәсімдері бар екен. Олар алдымен қайыщтармен дельфиндердің үйірін айлаққа қарай қуып әкеледі, содан кейін жазықсыз жануарларды пышақпен жаныштау, балта, арматура және ауыр тастармен ұру басталады. Бір дельфинді келесі жолы тағы бір үйірін ертеп әкеледі деген ниетпен бостандыққа жібереді. Бұрындары бұл рәсімді өткізіп болған соң жергілікті халық өлген дельфиндердің етін жейтін, ал қазір бұл тек көңіл көтеру үшін ғана жасалады. • Мадагаскар республикасының тұрғындары туған- туыстарына бауыр басуымен ерекшеленеді. Бірақ, кейде бұндай сыйластық мүлдем шектен шығып кетіп жатады, әсіресе әңгіме өлген адамдарға қатысты болған кезде. Мадагаскар халқы өлген адамның мәйітін қабірден қайта қазып шығарып, әдемі киімдерін кигізіп, олармен суретке түсу рәсімін әлі күнге дейін берік ұстанады екен. Заманауи адамға бұл дәстүр тым тұрпайы көрінсе, жергілікті тұрғындар үшін О дүниедегі туыстарына деген махаббатын көрсетудің бірден бір жолы осы дәстүр болып табылады. •Австралия. Үйленуге дайын жігіт қолына тоқпағын алып, қалыңдық іздейді. Қалыңдық табылған соң, тоқпақтың көмегімен, ұрып талдырады. Есін жиған қыз, үй ішімен таныстырады. Қыз көнсе, үйленеді. •Ява. Жігіт алдымен, өзі аулаған жиырма бес тышқанның құйрығын қайын жұртқа табыстайды. Мұнсыз жасалмайды. Үйленіп, егер ажырасып жатса, жігіт жағы, айыппұл ретінде жиырма бес емес, елу тышқанның құйрығын береді. Осы жоралғыны орындаған соң ғана, ажыраса алады. Әлемнің біз білмейтін ерекшеліктері бұнымен таусылмайды. Зерттелгені қаншама, зертьелмегені қаншама.


Жанерке НУРҒАЛИ

Тұран университе 3-курс студенті.

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentarios


Пост: Blog2_Post
bottom of page