top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ӨМІР МӘНІ ДҮНИЕДЕ ЕМЕС!


Өмір-Жаратушының бізге берген үлкен сыйы. Қуаныш,қайғы, мұң,жылау, күлу...барлығы өмір заңдылығы. Бір жанның басына үйіп-төгіп бақ беріледі, бір адамның тағдыры тек қиын қыстау күндерден тұрады. Бұл да өмір заңдылығы...

“Өмірге өкпелімін” деген тіркесті өкінішке орай көп естиміз. Істің байыбына бармай жатып,уақытша қиындықтарға шыдамай өмірімен қоштасып жатқандар жайлы,әсіресе,кейінгі кездерде көп біліп жүрміз. Пендешілікке салынып,байлық,ақша,мәнсап,атақ қуғандар қалағандарына жете алмай қалса,өз өздеріне қол жұмсай салады. Мұндай құмарлыққа байланысты өлімдер ересек адамдар емес, көбіне жасөспірімдердің жағдайында көптеп тіркеліп жатыр. Мысалы, ата-анасы айфон алып бермеді деп биіктіктен секіріп кетеді, ҰБТ-дан төмен балл алдым деп асылып қалады, алғашқы махаббатым тастап кетті деп тамырын кесіп жібереді,тіпті айта берсең шыға беретін дүние. Қылышын сүйреткен сұрапыл заманда шынайы бақыт дүниемен өлшенетін болғаны ма? Осының барлығы бар адам шынайы бақытты ма?

Аяқ-қолың бар, он екі мүшең сау,туғандарың қасыңда, басыңда баспанаң, алдыңда дастарханың жаюлы болса,неліктен бар дүниеге қанағат етпеске?! Айфон бүгін бар-ертең жоқ,ҰБТ өткінші нәрсе,бір жазда не болғаны ұмытылып кетеді. Ал аманат етіп берілген жүректің қозғалысын өз қолымен тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ. Ол ең алдымен үлкен күнә!

Он екі мың ғаламда дүниеге келген кезде адам баласына тиесілі кейбір мүше қызметтері берілмей қалған жандар қаншама!? Көздің мәңгі қараңғылықта қалғаны,анаңды көріп тұрып “Мама!” деп айтатын тілдің болмауы, басқалардың өз аяғымен кетіп бара жатқанын арбаға танылған адамның көруі- міне, осы нағыз қасірет! Басқалармен салыстырғанда өзіңді “табиғаттың қателігі” сезіну,әр өткен адамнан аяушылық сөздерін есту, мүсіркеп жатқан көзқарастар...ауыр тиетіні сөзсіз. Дегенмен, осындай жандар өмір үшін күресіп, “қоғамның бір бөлігі боламын!”-деп ұмтылып жатқанда толыққанды азаматтар неліктен өз өмірлерімен қош айтысуы керек!? Керісінше, жарымжан жандарды соңынан ертетін, олар үлгі алып, тырысатындай адам болу керек. Дүние,ақша-өткінші ләззат, алдамшы құмарлық. Өмірмен қоштасуға тұрарлықтай маңызды емес.


Жанерке НУРҒАЛИ

Тұран университеті, 3-курс студенті.

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page