top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Өмір сүру үшін қанша ақша керек?



Ақша қайда жұмсалады? Бір жылда адамға тамақ тұтынудың ұтымды нормасы бойынша деректер жиналған болатын. Олардың ішіне: нан, жарма, ет, картоп, сүт өнімдері, май, шәй - артық ештеңе жоқ. Алайда бағасы таңғалдырады. 

Бір жылдың ішінде 2018 жылдың қыркүйек бағасымен санағанда бір адам 445 мың теңге жейді екен немесе айына шамамен 37 мың теңге. Ұсынылған жеңілдіктер мен күзгі көкөністерге арналған төменгі бағаны ескере отырып - шамамен 33 мың. Отбасы үш адамнан тұрса, олардың біреуі бала болса, онда теориялық шығын 100 000 теңге болуы мүмкін. Балалардың тұтыну нормасы аз болғандықтан, біршама аз кетеді. Бірақ газдалған сусын, чипсы, кофені санар болсақ, онда шығын көп.

Отбасылық азық-түліктің шартты бюджетін барынша кесіп тастаған кезде яғни, бал, шұжық, балық, консервілер сияқты кейбір қымбат өнімдерді алып тастасақ, 60 000 теңгеге дейін қысқарады. Гигиеналық тұрмыс заттарын сатып алған кезде (тіс пастасы, сабын тағы басқа) 3000 теңгеге шықты деп санағаныңыз күмән туғызады. Кезекті шаштаразға бару керек па? 2 мың теңгеңізді дайындай беріңіз. Шыққан шығынға тағы көлік тасымалына кететін ақшаны қосуды ұмытып кетпеңіз. Орташа есеппен айына - 5000 мың теңге, бұл егер таксимен жүрсеңіз. Бұл әлі бастамасы. Кеңсе тауарлары, байланыс, киім, дәрі-дәрмектер және сіз бәрін қалай сатып алғаныңызды байқамай-ақ, бәрі бюджетке айтарлықтай әсерін береді. Сіз барлық жылдық шығындарды жинасаңыз, онда 400 мыңға жуық ақша табу оңай. Бұл шамамен айына - 30 мың теңге.

Осылайша, шығын сомасы 150 мың теңгеден асты, яғни олар салық үшін түзетілген орташа жалақыдан асып түсетінін білдіреді. Көп отбасының басты проблемасы - жалақының жартысын жалдамалы пәтерге 50 000 теңге жұмсауы.

Жас отбасы 100 000 мың теңгеге пәтер жалдады делік, ал үй отағасының айлық жалақысы (150 000 теңге). Есептесек, бір адам күніне 1 мың теңге жұмсайды екен. Оның ішінде (жолы, тамағы, гигиеналық заты) бар. Осындай шығыстардан кейін тағы қарыз алсаңыз, онда күнделікті керек заттарыңызға шектеу қоюға тура келеді. Айлық жалақыңыз 200 000 теңге я одан да көп 300 000 теңге болса, онда тұрғын үй мәселесі шешімді. Пәтер сатып алуды айлық жалақыңыз аз болған күннің өзінде 15 миллион теңгеге жоспарласаңыз ақылға қонымды.


Автор: Наргиз Бекен

3 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page