top of page

Ана

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 18 окт. 2019 г.
  • 1 мин. чтения


Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген,

Аман өткен барша биік өткелден.

Алғыс айтам саған мәңгі, анашым,

Мендей қызды дүниеге әкелген.


Ақ сүтіңмен аяладың, өсірдің,

Балалықта бар қатемді кешірдің.

Уақыт сырғып, балалықтан өтсем де,

Жүрегімде сақталады есімің.


«Ана» деген мейірімді сөз қандай?!

Дүниенің шуағына толғандай.

Бесік жырың құлағымда тұр әлі,

Бұлбұл құстар әсем әнге салғандай.


Ең сұлу да аяулы жан өзіңсің,

Жанарымсың, мөлдіреген көзімсің.

Бұл дүниеде барлық бала ананың

Жан жылуын, махаббатын сезінсін.


Анаң барда аялайды таң нұры,

Ұмытылып бұл өмірдің бар мұңы.

Анаң барда бақыттысың, сол үшін

Аман болсын аналардың барлығы.


Анаң үшін уақытыңды шектеме,

Сыйлық сыйлап, қуантсаң да көп деме.

Ақ сүтінің өтелмейді қарызы

Он арқалап апарсаң да Меккеге.


Әлдиімен әлпештеген баласын,

Оңбас адам сыйламаған анасын.

Жұмақ кілті табанынан табылар,

Бұл өмірде біл анаңның бағасын!


(2013жыл)

Шынар ТӨЛЕУХАН

Comentarios


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page