top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ТОНАУШЫМЫН


Тонаушымын. Есімді білгелі бері көзімдегі кедейшілік атты шелден айырыла алмай келемін. Бүгінде сол кедейліктің қысымынан казиноға барып, шіріген байлардың қалталарын босатпақ болып, үйдің табалдырығын аттадым. Казиноға аяқ басам дегенше күн батты. Тас қараңғы. Келе жатып, аяғым бір нәрсеге ілініп, домалап кеттім. Жұлқынып қарасам, чемоданнан төгіліп жатқан ақшаны көрдім. Абыр-сабыр жинай бастадым. Сол мезетте атамның сөзі есіме келе қалды: "Жерде тапқан затыңды 3 рет хабарлап, иесін табуға тырыс" дегені. Жан-жағыма қарап қоямын, тірі жан жоқ. Алтын көрсе періште жолынан таяды деп, ақша қожайынын іздемей қолымды бір сілтедім. Чемоданды қойныма тығып алып, үйге жөнелдім. Осындай сәтте бәрі ғайып болып кеткендей, көлік те, адам да жоқ. Қомақты ақшаммен бірге терім боршалай түсті. Бір кезде көзіме еңгезердей біреу шалынды. Ақшаның иесі табылды-ау деп үркіп тырысып қалдым. Қарсы алдымдағы адам өзгеше аппақ көрінді. Ол жақындағанда табысымнан айырылғанымды түсіндім. Бірақ ол ештеңе деместен мені қолтықтап , былай деді:

— Сіз жолда келе жатып жолдағы тасты байқадыңыз. Сіз сол тасты аласыз ба ? Әрине жоқ. Себебі ол тастың сізге зияны тимесе пайдасы жоқ. Алсаңыз өзіңізге артық жүк болады және ол еш жерге өтпейді. Сол секілді періште үшін де алтынның қадірі тас секілді, еш пайда әкелмейді. Періште деген мінсіздік. Адамға тән қасиет емес. Алтын көрсе, пенде ғана жолдан таяды. Өзіңді періштеге теңегенің ақымақтық деді де, ғайып болды.


Мөлдір Нұрболатқызы

10 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page