Жексенбі. Кешқұрым. Дүкенде кезекте тұрған кезім. Себебі, бұл біздің аулада тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз дүкен. Кезекте 4 адам. Біріншісі – әже, әмиянынан соңғы тиындарын апельсинге іздеп әлек. Келесі — ерлі-зайыптылар, соңында тұрған — өте қарапайым киінген жігіт. Және мен. Әженің қолы дірілдеп, кезекті күттіріп тұрғанына қобалжиды. Ерлі-зайыптылар мен сатушы бұл жағдайға ашуланып , тәртіпсіздік танытады. Әже әрең дегенде тиынын жинап, төлейді. Сатушы ақшаны ала салып, әженің заттарын салысуға жәрдемдеспей , назарын ерлі-зайыптыларға аударады. Әже қалтыраған қолымен сөмкеге апельсин салуға тырысады. Сол кезде мен сатушыға міндетін орындауы керектігін ескерттім. Сатушының шыдамы таусылып, дүкенге материалды деңгейге қарап, адамдарды кіргізу қажеттігін баса айтты. Сатушы екеуіміз осы кезде сөзге келіп қалдық. Болған оқиғаны қарапайым киінген жігіт мұқият бақылап тұрды. Оның кезегі келіп жетті. Әженің қалуын өтініп, дүкен желісінің әкімшілігін шақырып өзін таныстырды. Бүкіл желінің бас менеджері екен. Сатушы қызға айыппұл салынып, әжеге айыппұл есебіне өзіне қажетті заттарды сатып алуға рұқсат берілді. Бұл оқиға куәгерлері көздеріне жас алды. Әділеттік әрқашан басым болады деген осы.
Мөлдір Нұрболатқызы
Comments