top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Тұран - армандар орындалатын білім ордасы


Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Елбасымыз (алғашқы президентіміз) Н.Ә. Назарбаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай оқу орындарының бірі «Тұран» университеті.

Кеше ғана дәл осы жоғарғы оқу орнына арман қуып түскен болатынмын. Көзді ашып-жұмғанша 2 жылдай уақыт зымырап өтіп кетті. Арманыма қол жеткізу үшін жасаған алғашқы қадамдарымның бірі дәл осы университетке түсуім болды деп ойлаймын.

Дүниедегі жер басып жүрген жұмыр басты пенденің барлығының арманы бар. «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» деуші еді. Әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман адаммен бірге өседі, өркендейді. Ол-алдағы болашағың! Осы армандар сол болашағыңа жол жетелейді.

Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде журналистика мамандығына қызыға бастадым. Өйткені бұл кәсіп жалпы қоғамда болып жатқан әртүрлі мәселелерді талқылап, халық назарына жеткізіп, халықтың құлағы һәм тілі екенін түсіне бастағандаймын. Шіркін, арманымның мұнар басқан көгілдір көп тауларының тым болмаса ең берісінің шыңына бір шықсам деп қиялдайтынмын.

Өсе келе журналист болу нақты арманыма айналды. Әрқашан теледидардан өрелі ой айтып, нағыз қазақы мінез, бітім-болмыс көрсететін журналистерді көргенімде, тележурналист боламын деген нық шешімге келдім. Журналистика саласы - қызығы мен шыжығы мол, қызу өмір ортасы. Алғашқы болып бәрін естіп, көріп, елге жеткізу - басты талап. Ал алғашқы болу, бірінші болу- менің қағидам.

Қазіргі таңда мені өте қатты мазалайтын бір сұрақ бар. «Тұран» университетіне түсу үшін шығармашылық емтихан тапсырған болатынмын. Сұхбаттасу барысында маған: «Тұран» университеті инновациялық университет, дәл осы инновациялық университетке қандай үлесіңді қоса аласың?» деген сұрақ қойды. Сол сұрақ әлі күнге мазалауда. Университетім үшін не істей аламын? Қандай үлес қоса аламын?

«Тұран» мен үшін арманыма алып баратын көпір іспеттес. Осы оқу орнында білім алып, жақсы журналист болып шығу үшін аянбай еңбек етемін. Иә, адам қиялынан жүйрік, арманынан асқар еш нәрсе болмайды екен. Менің де қиялымның шындыққа, арманымның ақиқатқа айналатынына сенімім мол.

Аяулым Жұмабек

8 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page