2018 жылдың қазан айының 13-ші жұлдызында мұғаліміміз Гүлжан Хажмұратқызының бастауымен сыныптарымнан кейінгі, екінші отбасым, бірге оқитын топтастарыммен,әлемге аты шыққан Алматы қаласынан 195 шақырым,Талғар ауданынан 180 шақырым жерде орналасқан Шарын шатқалына жолымыз түсті.
Сабақ кезінде, мұғаліміміз танымдық дәріс-саяхат сабағы ретінде Шарын шатқалына саяхаттауды ұсынды. Бәріміздің көкейімізді бір сұрақ мазалады.Неге Шарын шатқалы?Неге тауға емес,немесе басқа да демалатын жерге емес?Бірнеше сағаттық жүретін жолға не үшін барамыз деген? Содан соң апайымыздың ойын білдік.Біздің пән әдебиетке жақын болғандықтан,жол жүру кезінде қазақ әдебиетіне талай еңбектері сіңген, Райымбек ауданының тумалары ақын-жазушыларымызды еске түсіріп,поэзияларынан сыр шерту басты мақсат болды.
Осы тұлғалардың қатарында Мұқағали Мақатаев,Бердібек Соқпақбаев,Оразалы Доспосынов,Заманбек Нұрқаділов болды. Содан бәріміз жоспар құрып,кашан және қалай барамыз,арнайы видео,суреттерді кім түсіреді,поэзияларды кім оқиды,бәрін ойластырдық. Сонымен,уақыт өтіп,саяхаттайтын күнімізге де жеттік.Бәріміз айтылған уақытта жиналып,«Бисмиллях»,-деп жолға шықтық.Жолымыз 3 жарым сағатқа созылды.Бізбен бірге мұғалімнің сөзін жерге тастамай,жоғарғы курс студенттері мен жол бастаушы,яғни (ГИД) де бірге барды.
ГИД жол жүру барысында Шарын шатқалының тарихын,білгенін айтып берді. Және жоспар бойынша студенттер жазушыларымыздың поэзияларын оқып,мұғалімнен мақтау сөз естіді.Біздің студенттер өте талантты.Өздерімізбен бірге көңілімізді көтеру үшін, «Нағыз қазақ-қазақ емес,нағыз қазақ-домбыра»,-демекші, домбыра,гитара сынды аспаптарымызды апарып,ән айтып,күй тартып көңілімізді көтердік.Сөйтіп,Шарын шатқалына да жеттік.Шатқалды көре салып,уақытымды текке өткізбей,келгеніме өте қатты қуандым.Себебі,өзіміздің отандастарымыздан гөрі,шетел азаматтары көбірек болды.Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді.
Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат,мұнараларға қатты ұқсайды.Алып тастардың биік нүктесін бағындыру үшін асқан шыдамдылық пен жігер керек.Тағы да ежелгі суретшілердің төл туындыларын көруге болады.Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуіріндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады.Осыларды көріп,Шарын шатқалы табиғаттың таңғажайып сыйы ма дерсің! Табиғатын тамашалап жүріп,естелікке суретке түстік.Тамақтанатын жерге жетіп,2 шақырымдай жолды қалай жаяу жүргенімізді білмей қалдық.Ас ішуді бастамас бұрын,өмірден озған жоғарыда атап өткен жазушыларымызға құран оқып,ұстазымызға көрікті жерге әкелгені үшін,осындай жерді көруге мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдірдік.
Иә,күніміз өте қызықты өтті.Барғаныма қуанбасам,мүлде өкінбеймін.Алдағы уақытта студенттік өмірді пайдаланып,осындай табиғаты әсем жерлерге бару артықтық етпес деп ойлаймын.Өткізген әрбір күнімді бағалаймын!
Сағыныш Сабыр
Comments