top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ТҰРАН КІТАПХАНАСЫ – САРҚЫЛМАС БІЛІМ ОРДАСЫ



Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына. Кітапхана –заманалар толқынында тербетіліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесінің жиынтығы. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Осы тұста өзімнің жоғарғы оқу орным – «Тұран» университетінің кітапханасы жайлы сөз қозғағым келеді.

«Тұран» университеті 1992 жылы құрылған және сол жылы университеттік кітапхана өз есігін ашты. Кітапхана қызметкерлері қысқа мерзімде оқу-әдістемелік қорды, ғылыми және анықтамалық әдебиеттерді құрды. Университет құрылтайшылары «білім қорының» маңыздылығын түсіне отырып, «университет кітапханасына оқу және ғылыми процестерді жақсартуға жағдай жасап, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз етіп, жұмыс үрдісін үнемі жетілдіріп отыру керек» деген шарттар қойылды.

2013 жылы кітапхана жаңа ғимаратқа көшті және заманауи компьютерлік технологияларды қолдана бастады. 2015 жылдан бастап «Тұран» университетінің кітапханасы IT және ақпараттық-кітапхана ресурстары департаментінің ақпараттық-кітапхана ресурстар бөліміне кірді.

Кітапхана қорын толықтыру үздіксіз және тұрақты болып тұрады.

Университеттік кітапхана болғандықтан, ғылыми басылымдарға көп көңіл бөлінеді: мұнда қазақстандық және шетелдік ғалымдардың авторлық монографиялары, оқулықтары мен түрлі оқу құралдары кеңінен ұсынылған. Оқырмандар көптеген халықаралық конференциялар материалдарын, әр түрлі институттардың ғылыми жинақтарын, авторефераттар, диссертациялар, лингвистикалық сөздіктер және т.б. біздің кітапханадан таба алады.Әдебиеттер қоры бірнеше тілде ұсынылған: қазақ тілінде, орыс тілінде және де шет тілдерінде (ағылшын, неміс, француз, қытай және түрік).

Сонымен қатар, бүгінде университетіміздің кітапханасында заманауи «Тұран» университетінің «Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі» ТУАКАЖ электронды кітапханасын жұмыс жасайды.

Мұндай түбегейлі өзгерістер «кітап жолының», яғни тапсырыс беру, сатып алу, есепке алу, каталогтандыру, жүйелеу, қорлар бойынша бөлу сияқты операцияларды электрондық форматта жүргізуге алып келді, яғни кітап оқу енді бұрынғыдан да оңай әрі қолжетімді. Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін әдебиеттер жалпы білім беретін, базалық және бейіндік оқу бағдарламалары блоктар бойынша бөлінеді. Кітапхана қоры «Тұран» университетінің қызметкерлері, студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары үшін қол жетімді. Электронды кітапханаға жазылу үшін кітапхананың library@turan-edu.kz. электрондық адресіне тапсырыс беруіңізге болады!



Университетіміздің кітапханасы заманауи үлгіде жабдықталған, оқырмандар сұранысын толық қанағаттандыратын орын. Сондықтан, студенттер бос уақытының барлығын кітапханада өткізуге, кітап оқып онымен достасуға, кітапханадағы жаңа ақпараттармен танысуға асығады. Кітапхана қызметкерлері әр оқырман жүрегіне жол таба білетін, оқырмандарға қажетті ақпараттың тиімдісін беріп отырған, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, қасиетті қазыналарымызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген асыл жандар. Кітап – білім бұлағы. Талайды білім нәрімен сусындатар кітаптар біздің кітапханамызда толы. Үлкен кітап қорынан бөлек, жеке пайдалануға ноутбук ала аласыз. Барша кітап оқуды сүйетін жастарды университетіміздің кітапханасына шақырамыз!

«Тұран» университеті – өзіне сенетіндер мен табысқа ұмтылатындар үшін!


Айжан АРМАНҚЫЗЫ

10 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentarios


Пост: Blog2_Post
bottom of page