top of page

"Тұран" университеті қабырғасында алғаш рет қазақша КВН өткізілді

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 16 окт. 2019 г.
  • 1 мин. чтения

ree

"Әзілің жарасса,атаңмен ойна" демекші, сөз десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз әзіл-қалжыңға келгенде де алдыңғы қатарды бермейді. Соның дәлелі ретінде қазан айының 8-жұлдызында "Тұран" университеті қабырғасында "Тұран Алматы" КВН командасының ұйымдастыруымен алғашқы рет факультет аралық қазақша КВН ойындарынан сайыс болып өтті. Додада "Журналистика","Ақпараттық технологиялар","Құқықтану" және т.б мамандықтың студенттері бақ сынасты. Сонымен қатар, әзіл әлеміне енді ғана жол тартқан жас командалар қобалжығанымен, тек қана алға ұмтылуды көздегендері байқалды.Ойынға жалпы 5 команда қатысты.


ree

Сайыс қорытындысы бойынша III-орынды "Абу Даби" , II-орынды "Тик-Ток" құрамалары иеленді,ал доданың басты қоржынын сері жігіттерден құралған "Favorite" құрамасы қанжығалап,"Student Life" қалалық қазақша КВН ойынына жолдама алды. Жеңімпаздар өз сөздерінің соңында бұл жеңісті ұстаздары Құрманбаева Алмагүл Алиқызына арнайтындықтарын айтып өткен болатын. Әзіл адамның өмір жасын ұзартатыны жайлы психологтар да,дәрігерлер де айтады. Ал,шет елдердің кейбір ғалымдары күлкі терапиясын онкологиялық науқастарды емдеуде жиі қолданып жүр. Сондықтан да,күліп,көңілді де мәнді ғұмыр кеше берейік.


Ақбота НЫСАНБАЕВА

Комментарии


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page